Қара базардағы көлік бағасы қандай?

1
638

© oren-auto.ru

  • © oren-auto.ru

Айырбас бағамы ырыққа көнбей кеткен доллардың тұрақсыздығы көлік саудасына да кері әсерін тигізуде. Сатушылар доллар өскен сайын, көлік бағасын түзетіп, төмендетіп жазуға мәжбүр. Содан-ақ болар базардағы ең қымбат баға 25 мың доллардан аспауда. Ал сатып алушылар долларлық эквивалентте арзан көрінген темір тұлпар, теңгеге аударғанда аспандап шыға келеді -деп отыр.
Ғабит Торғаев көлік саудасымен 15 жылдан бері айналысып келеді. Бастапқыда саудаға шығаратын темір тұлпарларын Германия мен Балтық елдерінен әкелген екен. Былтырғы жылдан бастап қымбат шетелдік көліктерді Ресейден жеткізіп жүр. Оның өзі мемлекеттік алым қымбаттаған кейін тиімсіз болып қалды -дейді.
ҒАБИТ ТОРҒАЕВ, сатушы:

– Көбінесе бағаны біліп қайтайық, базар не болып жатыр деп келеді, ал нақты клиенттер, нақты машина аламын деп келетіндер бірен-саран болып қалды қазір. Ал арзан машиналар теңгемен саудаланатын, 300 мың, 600 мың теңгелік машиналар өтіп жатыр. Ал мынау қымбат машиналар тұр.
Жылы жаңа, премиум санатындағы көліктерді базардан небәрі 14 мың долларға табуға болады. Ақшасын алып, көлік тақымдап қайтуға оқталып келгендерге саудагерлер тағы бір-екі мың доллар түсуге бар. Байқағанымыздай бағаның барлығы доллармен белгіленген. Алайда курс айырмашылығын шегеріп, шынайы бағасынан асырмай арзанырақ береміз -дейді алып-сатарлар.

НҰРЖАН ШЫҢҒЫСБАЕВ, сатушы:

– Бұл машиналар бұрын 40 мың деп тұратын. Қазір екі есе түскен ғой. Жеңіл машина, грузовой машиналардың құны түсіп кетті. Онда да алып жатқан адам жоқ. Көріп тұрсыз базар бос, машиналар өтпей жатыр.
Десе де доллармен қол жетімді көрінген көліктерді теңгеге аударып, доллардың ескі курсына шақсақ бағаның бұрыңғыдан өзгермегенін байқаймыз. Тиімді ұсынысты қазір тек жылжымалы мүлкін дереу сатамын деушілер мен көлемі үлкен, жер талғамайтын көліктерін сатушылардан ғана табуға болады.

31.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз