Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сақтандыру компанияларына аударып, табыс көре алады

0
542

Елуге толған әйелдер мен елу бестегі ер адамдар зейнетақы қорына жиған ақшаларын сақтандыру компанияларына аударып, табыс көре алады.

cd0c819f6010006a1c6872b9986

Бұл туралы Астана арнасына отандық актуарийлер бірлестігі мәлімдеді.

Бастысы, елуді еңсерген әйелдердің есепшотында 6 млн 200 мың, ал еректерде 8 млн болуы шарт. Мұндай сақтандыру аннуитетін сатып алғандарға өмір бақи төлем төленеді. Көлемі ең төменгі зейнетақыдан кем болмайды, оған қоса инвестициялық табыстың 5 пайызы және жыл сайын 5 пайыздық инфляция айырмасы төленеді.

“Сақтандыру компанияларында өмір бақи төленетін зейнетақы аннуитеттері сатылады. Мәселен, 50 жастағы әйелдер мен 55 жастағы еркектер жинақтағы ақшасы жеткілікті болса, зейнетақы қорынан сақтандыру компанияларына аудара алады. Әрі қарай кестеге сай ең төменгі зейнетақыдан кем емес төлем төленеді, оған қоса 5 пайыз индексация алады”, – дейді «Қазақстан актуарийлерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрайымы Ақжарқын Қынықова.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз