Депутат болғысы келетіндер бар байлығын жасырмай жариялауы тиіс

28
375

Парламенттегі орынтақтан үміткерлер декларация тапсыруға әзірленіп жатыр. Жиған-тергенін кандидат қана емес,  олардың жұбайы да тізіп беруі керек.

Депутат болғысы келетіндер бар байлығын жасырмай жариялауы тиіс

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Ал декларациядағы мәліметтер салық комитетінің сүзгісінен өтетінін ескерсек, өтіріқ ақпарат анықталса кандидат тіркеуге алынбайды. Бірақ, бұл отбасылық дүние-мүліктің құны белгілі бір сомадан асып кетпеу керек деген сөз емес.

Әзірге наурыздың 20-на белгіленген мерзімінен бұрын өтетін сайлауға бірнеше партия қатысатындықтарын мәлімдеп үлгерді. Қалған саяси күштер құрылтайға дайындалуда. Мәжіліс пен мәслихат сайлауына бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінгенін айта кетейік.

Орталық сайлау комиссиясындағылар дағдарыс кезінде қыруар қаржыны үнеммен жұмсауға кеңес беріп отыр.

«Сайлауға бөлінген қаржыны үнемдеу үшін қатаң қаржылық бақылау қажет. Қазіргідей қиын жағдайда қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермей, әрбір тиынды мақсатты түрде пайдалану керек», – дейді  Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Дереккөз: КТК арнасы

28 ПІКІРЛЕР

  1. Дұрыс шешім! Халық қалаулыларының жасыратын еш нәрсесі болмау керек. Жұбайын да тексеретіні дұрыс болыпты!

  2. Депутаттардың мүлкін тексеретіні дұрыс-ақ. Парламентке мемлекеттің қазынасына кол созбайтын, адал азаматтар тағайындалу керек!

  3. Меніңше, декларация толтыруда тұрған ештеме жоқ. Бұл талапқа сайкестелсе орындаған абзал.

  4. конкуренция должна быть большая на выборах, качество будет высокое

  5. Бұл сайлаудың барынша әділ өтуін қамтамасыз етедіә. Кандидаттардың шынайы кім екенін білгеніміз маңызды.

  6. Әр кандидаттың артында не барын халық білуі керек. Үкіметтің осындай заң шығаруы өте дұрыс.

  7. Ашықтық қашанда керек. Біздің еліміз осылайша мықты елдердің санатына қосылады. Бұл жолғы сайлаудың жоғары деңгейде өтетініне сенім мол.

  8. Бұл біздегі заң жүйесінің уақыт өткен сайын ретке келіп, әділ әрі ашық сайлау өткізуге бейімделгені деуге болады.

  9. Халықтан жасырып керегі жоқ ертен бәрі ашылады оданда басынан бастап таза болған жөң болады егерде халыққа,еліне адал кызмет көрсеткілері келсе.

  10. Міне ризамын осылайша таза жұмыстар жүргізіліп отырғанына ол әділ және сенімді артады.

  11. Жаңарған құрам арқылы дағдарысқа қарсы реформаларды табысты жүзеге асырамыз деген сенімдемін

  12. Сайлау әділ түрде өтуі тиіс, өйткені ел үшін маңызды оқиғалардың бірі

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз