Моңғолия қазағы премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

1
328

Моңғолияның үкімет жетекшісі Чимэдийн Сайханбилэг кеңесшілерінің қатарын жас кадрлармен толықтырды деп хабарлайды Baq.kz.

Моңғолия қазағы премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Жаңа кеңесшілердің қатарында Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Б.Даваацэрэн, экс-үкімет басшысының кеңесшісі  М.Хүдэрбаатарлар бар деп жазады kaznews.mn сайты.

Моңғол премьер-министрі өз кеңесшілерінің бірі ретінде ұлты қазақ Ержан Қабышайұлын да таңдапты. Ержан бұрын Жол-транспорт вице-министрі секілді лауазымды қызмет атқарған болатын.

Бүгінде Ержан Қабышайұлы Баян-Өлгий аймақтық демократиялық партиясының жетекшісі.

Дереккөз: BAQ.KZ

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз