Kазинодан шықпайтын сот төрағасы қызметінен қуылды

1
134

Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы Андрей Дигант өз еркімен қызметтен кетті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Фото telegraf.ru

Сот төрағасының қызметтен босату туралы өтініш жазуына Қапшағайдағы казинолардың бірінде отырғаны жайлы түсірілген бейнежазба негіз болған.

Облыстық соттың өзіндік қауіпсіздік қызметі ойынқұмар судьяға қатысты тексеру жүргізіп, фактіні растаған. Оның бұл әрекеті судьялардың әдеп кодексіне кереғар деген шешім шығарылып, өз арызымен кетуге мәжбүр болған.

Андрей Дигант мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы болып бір жыл бұрын тағайындалған. Оған дейін Ақмола облыстық сотында қызмет еткен.

 

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз