«Нұр Отан» партиясынан Мәжіліс депутаттығына 127 адам ұсынылмақ

12
243

 

Астана. 29 қаңтар. Baq.kz – «Нұр отан» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің партиялық тізіміне 127 адам еніп отыр. Бұл туралы BNews.kz тілшісі партияның кезектен тыс XVII съезі аясында бұқаралық ақпарат құралдарына таратылған мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

Бірер сағаттан кейін Астанада қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның кезектен тыс XVII съезі өтеді. Жиынға екі мыңнан астам адам жиналды. Олардың ішінде республиканың барлық өңірлеріндегі конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің басшылары, білім, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бар.

Партияның баспасөз қызметі таратқан апаратқа сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің партиялық тізіміне 127 адам еніп отыр. Олардың қатарында республикаға белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен өнер иелері бар.

Съезде партияның «Қазақстан – 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданады. Аталған құжат бес институционалдық реформа шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттары ескеріле отырып әзірленген.

12 ПІКІРЛЕР

  1. Саясаткер болсын, қайраткер болсын, спортшы болсын тек халық қамын ойлайтын, білікті мамандар орын алсын

  2. Мықтылар ғана жеңіске жетсін деймін. Халқым дұрыс таңдау жасау керек. Жаңа Парламентті үлкен жұмыс күтіп тұр!

  3. «Нұр Отан» партиясының депутаттарына сенім мандатын беруіміз – елді жүйелі дамыту мен өркендету жолындағы барлық ауқымды шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деген ойдамын.

  4. Бізге жарқын болашақ, кемел келешек керек! Сондықтан әрбір азамат таңдауын дұрыс жасаса екен деймін. Халықтың таңдауы – еліміздің болашағы.

  5. Сайлауды күтеміз. Болашағымызды жарқын ететін, ең мықты бағдарлама ұсынған партияға дауысымды беремін.

  6. Болашағымызды өзіміз таңдаймыз достар! Таңдау жасағанда өзіңіздің болашағыңызды ойлаңыздар! Депутаттыққа ең мықты, саясатты жетік түсінетін азаматтар сайланса екен деймін.

  7. Елін бастайтын, қандай қиындықтарға да көнетін, халықтың азаттығы үшін, мемлекеттің өркениеттілігі үшін күресетін күрескер азаматтарға дауыс беру керек деп есептеймін. Сол арқылы өзімізге лайықты партияны тандайық!

  8. Сайлау – мен үшін ерекше маңызды шара. Өйткені еліміздің дамуы, келешегі осы сайлау арқылы шешіледі. Дауыс беру – әр азаматқа міндет. Ал өз дауысымды – сөзсіз Елбасының партиясы Нұр-Отан беремін.

  9. Халықтың қамын ойлайтын, елімізді алға бастайтын, дағдарыспен күресетін партияға дауыс беремін.

  10. Міне бірінші бартиянын өз кандидаттарының ұсынуы басталды лайықтылар болатынына сенемін.

  11. Мен өз тандауымды жасаймын ертен балаларымыз еркін уайымсыз жүру үшін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз