Бір рет кең тыныс алайық та, доллар туралы ұмытайық – ҚР Президенті

0
454

Нұрсұлтан Назарбаев елде сатып алу мен сатуда бір ғана валютаның – теңгенің қолданылатынын қазақстандықтардың есіне салды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Фото: Тұрар Қазанғапов

  • Фото: Тұрар Қазанғапов


«Елімізде бізге доллар емес, теңге маңызды. Бір сәт тоқтайық та, терең тыныс алып, йогадағыдай, доллар туралы ұмытайық. Біз Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз, теңгеге сатып аламыз, теңгемен есептесеміз», – деді Президент «Нұр Отан» партиясының съезінде.

Съезд барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның теңгенің еркін ауытқу бағамына өтуіне қатысты мәселені көтерді. Назарбаевтың айтуынша, қазақстандықтар девальвация болмаса кедейленіп қалар еді.
kaz.tengrinews.kz 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз