Назарбаев әдейілеп базарға барып, азық-түліктің бағасын бақылаған

1
225

Нұрсұлтан Назарбаев астаналық базарларды аралап, азық-түлік бағасын бақылаған. Бұл жөнінде елбасы «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде әңгімелеп берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Мен осының алдында әдейілеп бірнеше астаналық базарды аралап, бағаларды көріп қайттым. Негізгі азық-түлік өнімдеріне келсек, былтыр сиыр етінің бағасы 1470 теңге болса, қазір 1150 теңге, қазақтар жейтін жылқы еті 1600 теңге болса, қазір 1400 теңге, нан бағасы 108 теңге болып өзгеріссіз қалды», – деді елбасы.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек бағаларына тоқтала кетті. Елбасы қазақстандықтар лимонсыз-ақ өмір сүре алатынын, бұрын да бұл жемісті керек қылмағанын айтты. Осылайша, Нұрсұлтан Әбішұлы шу шығара бермей, базарларды аралап, бағаларды салыстыру керектігін жеткізді.

1 Пікір

  1. Дұрыс істеген, долларды ұмыту үшін теңгенің құдіретін арттыру керек қой.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз