Шымкент әкімі тұрғындарға өзбек тілін де жақсы сөйлейтінін көрсетті

1
170

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Қаратау ауданыны, Сайрам ауылының тұрғындарымен кездесіп, аталған ауданның әкімі Ғалым Исмаиловтың 2015 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі есебін тыңдады деп жазады өңірден NUR.KZ тілшісі.

Жиын барысында халық жарық, су және көгілдір отын секілді әлеуметтік проблемаларды көтеріп, олардың шешілу жолдары туралы ақпараттардан хабардар болды. Сондай-ақ, қаратаулық қариялар саябақ, аллея секілді таза ауада серуендейтін демалыс орындарының жоқтығын айтып, әкімнен осы мәселесі шешіп беруін өтінді.

Бұл проблемадан қала басшысы хабардар болып шықты. Жасы 80-нен асқан қария ұзақ жылдардан бері шешілмей келе жатқан жер мәселесін қала әкіміне өзбек тілінде сұрақ етіп қойған еді.

Шаһар басшысы еш саспастан, «Құрман әкә, мен сізге қала басшысы ретінде уәде берем, өзбекте «хаммаси яхши булади» деген сөз бар ғой. Барлығы жақсы болады» деп жауап қайтарды.

Тағы бір айтары, Қаратау ауданы, Сайрам ауылының басым көпшілігі өзбек тұрғындар.

 

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

  1. Орысшадан құтыла алмай жүргенде енді өзбек тілін кіргізгісі келіп жүрме …

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз