Танымал тұлғалардың өзінен айнымайтын сыңары кім? (фото)

1
546

Сүйікті әртісіне еліктеу арқылы сымбатын өзгертетін жандардан бөлек, қарапайым адамдардың арасында табиғи түр-келбеті танымал тұлғаларға қатты ұқсайтындар жиі кездеседі. Ал кейбір өнер иелерінің бір-бірінің стилін, образын қайталап жататыны да заңды құбылыс. NUR.KZ танымал тұлғалардың сыңарын назарларыңызға ұсынады.

Нұрсұлтан Назарбаев – Сәрсенбай Доданов

Фото: mkazpravda.kz

Қостанай өңірінің тұрғыны Сәрсенбай Додановты көрген жұртшылық оны елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «сыңары» деп есептейді.

likeforyou.ru

«АстанаKZ» командасының ойыншылары Сәрсенбай Додановты ресейлік КВН алаңына Назарбаев ретінде шығарып, таныстырғанда, көпшілік қол соғып, қазылар алқасы қостанайлық тұрғынды президент ретінде қабылдаған еді.

Фото: kstnews.kz

 Қарақат Әбілдина – Нұрбигүл Егізова

Фото: juzp.kz

Актриса Нұрбигүл Егізованы «Әзіл студио» бағдарламасынан көрген көпшілік оны Қарақатпен шатастырып алған. Әртістің Әбілдинаға ұқсайтыны соншалық, оны бір қарағаннан Қарақаттың егізі деп ойлап қаласыз.

Фото: kaztube.kz

Ал эфирде кездескен Қарақат пен Нұрбигүл ұқсастықтарына қуанатынын айтқан.

Фото: Instagram

Майкл Джексон – Айбек Байназаров

Фото: muzart.kz

Актер Айбек Байназаров атақты әнші Майкл Джексонға еліктейтінін еш жасырмайды. Жас жігіт түр-келбетін, шаш үлгісін, стилін Голливуд жұлдызынікіндей жасатып, Майкл Джексонның биін де айнытпай салады.

Мәдина Сәдуақасова – Одри Хепберн

Фото: muslib.ru

Жанкүйерлер арасында әнші Мәдина Сәдуақасова мен ағылшынның атақты актрисасы Одри Хепберннен ұқсастық табатындар бар. Әсіресе, Мәдинаның фотосы Одридің әйгілі суреттерінің көшірмесі іспеттес.

Фото: garmen.kz

Фото: boombob.ru

Баян Есентаева – Айгүл Иманбаева

Фото: Instagram

Кейде әдейі бірдей киініп, шаш үлгісін бірдей қылып қалың жұрттың алдына шыққан қос әртіс бір анадан туған әпкелі-сіңлілі егіздер болып көрінетіндей.

Фото: Instagram

Жанар Дұғалова – Айсәуле Бақытбек

Танымал әнші Жанар Дұғалованы тыңдарман қауым белгілі продюсер Баян Есентаеваның үлкен қызы Айсәулемен ұқсатып жатады.

Қарлығаш Мұхамеджанова – Сон Хе Гё

Еліміздің ең сұлу актрисаларының бірі саналатын Қарлығаш кәріс фильмдерінің жұлдызы Сон Хе Гёға ұқсайды.

Мақпал Исабекова – Дженнифер Лопез

Мақпал Исабекованың голливудтық жұлдыз Дженнифер Лопезге еліктейтін-еліктемейтінін әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылаудан жалыққан емес.

Фото: Instagram

Әлішер Кәрімов – Ли Мин Хо

Кәріс актеріне ұқсайтын отандық жұлдыздардың бірі – Әлішер Кәрімов. Көп адамдар оның Ли Мин Хомен ұқсастығы тек шаш үлгісінде деп жатады. Алайда, әлеуметтік желіден екеуінің суреттерін іріктеп қарасаңыздар, бұл ойыңыздан айнып қаласыз.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз