Амангелді Айталы: Әншілер мен спортшылар депутат болмайды

1
189

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясының  кезектен тыс 17-ші съезінде халықты депутаттыққа үміткер азаматтардың тізімі елең еткізді, деп хабарлайды skifnews.kz ақпараттық порталы.

Жұртшылық сайлауға түсетін шоу-бизнес өкілдері Жанар Дұғалова мен Қайрат Нұртастың есімін естігенде, таңданыстарын жасыра алмады.

Халықтың пайымынша, әншілер мен спортшылардың кәсіби тәжірибесі Парламентте мәселе көтеруге жетпейді. Әйтсе де, экс-депутат Амангелді Айталы оларды депутаттық тізімге енгізді деп байбалам салудың қажеті жоқ деген пікірде. Саясаткердің айтуынша, «Нұр Отан» партиясы халықтың даусын жинау үшін аталған азаматтарды сайлауалды науқанда әдейі пайдаланады.

«Әншілер мен спортшылардың депутаттықтан үміткер болуға саяси және моральдық тұрғыдан құқығы бар. Әйтсе де, кәсіби Парламентке олардың саяси деңгейі мен білімі жете ме? Бұл әрине басты мәселе», – дейді Амангелді Айталы.

Экс-депутаттың айтуынша, бұған дейінгі парламентте бірең-сараң әншілер мен спортшылар депутат болып жүрді. Мәселен, белгілі боксшы Серік Қонақбаев сынды азаматтың депутат болғанын көпшілік ұмыта қоймаған. Алайда, олардың Парламентте белсенділік танытып, депутаттық сауал жолдауы өте сирек еді. Себебі, депутаттар әлеуметтік және саяси мәселелерді бес саусақтай білуі керек.

«Менің ойымша, әншілер мен спортшылар депутат болмайды. Олар жай ғана сайлауалды науқанда халықтың даусын жинау үшін керек болып отыр. Сондықтан да, әншілер мен спортшылар депутаттыққа үміткер болды деп байбалам салудың қажеті жоқ», – деді Амангелді Айталы.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

  1. Тәжрибелі, ысылған, талай сыннан өткен тұлғаның пікірін тыңдаған дұрыс.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз