Cыра зауытының қызметкерлері арнайы операцияның қалай өткенін баяндады

1
190

Шымкенттегі сыра зауытының қызметкерлері тінту шаралары кезінде өндіріс басшысы Тоқтар Төлешовті қолға түсірген арнайы операцияның қалай өткенін өз ауызынан баяндап берді.

Фото rus-img2.com

Қызметкерлердің айтуынша, 30 қаңтар күні сыра зауытында тінту шаралары жүргізілген, деп хабарлады TVK телеарнасы.

Сол күні ауысымға шыққан жұмысшылар қауырт жағдайды оқу жаттығулары деп қабылдағанын алға тартады.

«Түске таман зауыт аумағына екі «КамАЗ» көлігі арнайы жасақпен келді. Олар аумақты қоршап алды. Басында әскерилерге арналған оқу жаттығулары деп ойлап қалдық. Кейіннен оқыс бірдеңе болғанын түсіндік. Полицейлер соттан алған ордерін көрсетіп, өндіріс орнын тінти бастады. Жұмысшыларды бір бөлмеге уақытша қамап қойды», – деп мәлімдеді жергілікті тұрғын.

Өзге тұрғын полицияның зауыттағы кабинеттерді әбден тінтігенін айтқан. Жұмыстан қайтып бара жатқан жігіт ағасын ҚР ІІМ қызметкері жолда тоқтатып, куәгер ретінде түсінік беруін сұраған.

«Ол менен зауыт қожайынының ұсталғаны жайында естіген-естімегенімді сұрады. Мен басымды шайқадым. Сөйтіп куәгер ретінде азаматтық борышымды өтеуді сұрады. Мені зауыт аумағына кіргізді. Полиция кабинеттерде тінту шараларын жүргізіп жатты. Біраз уақыттан соң, бізді босатып жіберді», — деп хабарлады дереккөз..

Айта кетерлігі, зауыт қызметкерлерінің нақты саны әзірге белгісіз. Оған өндіріс цехтарының жұмысшылары, маркетинг және сауда бөлімінің қызметкерлері, орталық кеңсе қызметкерлері, күзетшілер кіреді. Барлығы мыңға жуық адам болуы мүмкін.

Тергеу істері барысында өндіріс орнының жұмысы уақытша тоқтатылмақ.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Шымкентте арнайы операция барысында ірі бизнесмен Тоқтар Төлешовтің тұтқындалғанын хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз