Ұлттық банк айырбас нүктелеріндегі долларды сату мен сатып алудың айырмашылығын ұлғайтты

1
173

Ұлттық банктің қаулысына сәйкес, 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап шетелдік валюталарды сату мен сатып алудағы ауытқу шегінің көлемі ұлғайды. Енді, долларды айырбастау нүктелері – 6 теңге айырмашылықта, ал еуроны -7 теңге ауытқу шегінде сатып ала алады.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың желтоқсанында ҚР Ұлттық банкі долларды сатып алу мен сатудың ауытқу шегі 6 теңгеге дейін ұлғаятын қаулыны қабылдаған болатын.

«№257 құжат бойынша, «Уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау нүктелері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері:

1) АҚШ доллары үшін – 6 теңге;

2) еуро үшін – 7 теңге болып белгіленсін», – делінген.

KASE қор биржасындағы бүгінгі сауданың қорытындысы бойынша, доллардың бағамы 361,42 теңгеге тең болғанымен, ақша айырбастау нүктелерінде 357 теңгемен 363 теңге арасында ауытқып тұр.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

  1. Бұл не үшін… шетелге шығатындарға доллар керек қой … Бұл дұрыс емес.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз