Путин: Сауд Арабиясы лаңкестерді қолдауын тоқтатпаса, Ресей оны бомбалап тастайды

1
106

Ресей басшысы Владимир Путин Сауд Арабиясының Сириядағы ахуалға араласып отырғанына бей-жай қарамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Қамшы порталы «Реальные новости» ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Бұрынырақ Ресей басшысы Саудия әлемде бейбітшілік орнатуға кедергі келтіріп отыр деп айыптаған еді.

«…Ресей Сириядағы саудиялықтарды бомбалап тастайды. Сириялық партиялар келісім столына отырып, саудиялықтардың деструктивті әрекеттерін әшкерелеруі керек. Саудиялықтар Таяу Шығыстағы лаңкестерге көмектесуін қоймаса, Ресей Сауд Арабиясын бомбалап, орта ғасырға қайтадан апарып тастайды», – деген еді.

Путиннің ойынша Ресейдің Сауд Арабиясына қарсы қатаң шаралары ИШИМ солардың қолдауымен әлемге қауіп төндіріп тұрғандықтан ақталатын көрінеді. Сондай-ақ, әлемдік қауымдастық АҚШ пен Сауд Арабиясының күдікті бірлестігінің қаупі туралы білуі керек екен.

Басылым, сонымен қатар, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың апталық баспасөз мәслихатында Сауд Арабиясын Сириядағы Аль-каида ұяшықтарын қолдап отыр деп сынға алғанын жазады.

«Саудиялық көсемдер билікке жабысып алғаны соншалық, олар айналасындағы елдердегі тыныштықты бұзу арқылы өздерін құтқарамыз деп үміттенеді», – деді Песков.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз