Жылжымайтын мүлікті және көліктерді сату бойынша танымал сайттар бағаны доллармен белгілеуге тыйым салды

1
132

Ағымдағы жылдың 2 қаңтарынан бастап тауарлар мен нысандарды krisha.kz, kolesa.kz және market.kz сияқты хабарлама беру сайттарына тек ұлттық валютада қоюға болады. Бұрынғыдай доллар немесе рубльмен бағалауға ендігі жол жоқ.

Ал мобильді қосымшалар пайдаланушыларына Google Play мен App Store-ға бағытталған арнайы жаңа нұсқа қарастырылып қойған. Ол 2-10 күн ішінде қолданысқа енеді.

Электронды сауда жүргізу ережесіне енгізілген өзгертулерге сәйкес, тауарларды сату және сатып алу үдерісі электронды нұсқада тек теңгемен жүргізілуі тиіс.

Экономика министрінің міндетін атқарушы М. Құсайыновтың ережеге өзгертулер енгізілген № 720 бұйрығына 2015 жылдың 25 қарашасында қол қойылды.

Құжат 2016 жылдың 22 қаңтарында ресми түрде жария етіліп, бүгінде өз күшіне енді.

Еске салсақ, 2015 жылдың 11 ақпанында өткен кеңейтілген үкімет отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банкке экономиканы дедолларизациялап, теңге өтімділігін жақсарту тапсырмасын берген болатын. Бұл өз алдына америкалық валютадан бас тартып, ел ішіндегі түрлі ақшалай операцияларды теңгемен жүзеге асыруды көздейді.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз