Тоқтар Төлешовтің үйінен алаяқтығы үшін іздеуде жүрген күдікті ұсталды

8
186

Бизнесмен Тоқтар Төлешовтің үйінде алаяқтығы үшін іздеуде жүрген Сергей Калтаков ұсталды деп хабарлайды ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

«Жедел іздестіру шарасы барысында Тоқтар Төлешовтің үйінен алаяқтығы үшін іздеуде жүрген, 1988 жылғы Калтаков Сергей Викторович ұсталды. Ол Алматы қаласының бірнеше тұрғынын алдағаны үшін іздеуде болған», – деді Алмас Сәдубаев.

Төлешов пен Калтаков уақытша тергеу изоляторына қамалды. Бүгінде тергеу жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Шымкентте арнайы операция барысында ірі бизнесмен Тоқтар Төлешов тұтқындалған болатын.

 

Дереккөз: Nur.kz

8 ПІКІРЛЕР

  1. Ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікті Төлешовтің үйінен бекерден бекер табылмапты, өзінің артын, жасатқан қылмыстарын жасыру үшін жасырған екен ғо

  2. Үйінде 4 әйелі мен 13 баласы тұратын шығар десем, қылмыскерлер де сол үйдің тұрғыны деңіз, сөзім жоқ

  3. Қылмыскерлерді жасыратын басқа жер таппаған адам ба үйіне жасыратындай, әбден дандайсыпты, қылмыскердің үйі- түрме болуы керек

  4. Үйінен күдікті табылса оның бір қатысы болған шығар Төлешовке, кім біліпті, ақиқатын, бір алла біледі.

  5. таң қалып отырмын. Ешкімнен де ешнәрседен де қорықпағандары қалай, әбден шектен шыққан екен..

  6. Кейбір деректерге қарағанда басқа мемлекеттердің қоғамдық ұйымдарынан атақ алған екен. Бұл кісі сонда басқа елдің мүддесі үшін жұмыс жасағандай

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз