ҮЛКЕННЕН – ҮЛГІ, ЖАСТАРДАН –ЖІГЕР

23
200

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы сайлау конференциясын өткізді.

Конференцияның күн тәртібіне сәйкес «Ақ жол» партиясының ҚР Парламент Мәжілісінің 5-ші шақырылымдағы атқарған жұмысына баға беру және 20-наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлерді ұсыну қаралды.

Конференцияда филиал төрағасы Анарбек Орман баяндама жасап, онда «Ақ жол» партиясының Парламент Мәжілісінің 5-ші шақырылымда елеулі еңбек атқарғанын атап өтіп, қол жеткізген кейбір жетістіктерге тоқталды. «ҚР Парламенті Мәжілісінің қазіргі, яғни 5-ші шақырылымы үлкен жұмыстар атқарды, әсіресе, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында Парламент қабырғасында өте маңызды заңдар қабылданғанын айтып өткім келеді. Оның ішінде біздің «Ақ жол» партиясының елеулі үлесі бары анық. Әсіресе, шағын және орта бизнесті қолдау саласында еңбегі өте зор. Кәсіпкерлік Кодексіне орта бизнеске қатысты өзгерістер енгізу қанша қиындықтар мен кедергілерге кездесті, бірақ соңында орта бизнес өкілдерін қорғайтындай заң актісіне қол жеткіздік. Осы Кәсіпкерлік Кодекстің жобасы бойынша жұмыс тобын «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашевтің өзі басқарғанын, оның ерен еңбегін айта кеткеніміз жөн болады. Сол сияқты Инвестицияға қатысты заңнамаларды қазіргі заман талабына сәйкестендіруде, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша, шенеуніктер жемқорлығы мен бизнестегі заңбұзушылықтарды бөліп қарау мәселесінде, жалған кәсіпкерлік мәселелері бойынша, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша жетістіктерге қол жеткіздік.
Ендігі мақсат – осы заңдарды дұрыс қолданып, Елбасымыз көрсетіп берген реформалардың жүзеге асуын қамтамасыз ету. Ол үшін болашаққа жаңа көзқараспен қарайтын тың күштер қажет. Президент Жарлығымен белгіленетін ендігі сайлау ел үмітін ақтайды деп есептеймін. Қазіргі жағдайда мемлекеттің алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін мұндай қадам тың серпін береді. Себебі бұл мұраттарды орындау жаңа бастамалар мен идеяларды қажет етеді. Оның үстіне шешім саяси элитаның жаңаруына жағдай тудырады. Сондықтан, депутаттыққа уақыт сынына төтеп бере алатын, білімі мен тәжірибесі жеткілікті, халық мойындаған, көпшіліктің ойында жүрген азаматтар сайланғаны жөн. Солай болатынына Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз Үндеуінде үлкен сенім білдіріп отыр, біз оны ақтауға бар күшімізді жұмсаймыз деп сенемін» – деді Анарбек Орман. «Қазіргі дағдарыстан шығу жолы – өзімізді өзіміз отандық өндіріспен толық қамтамасыз ету. Шағын және орта бизнес өкілдері нағыз еңбекқор халық, ал халық байлығы – мемлекет байлығы, халқы кедей ел ешуақытта байымайды. Сондықтан да шағын және орта бизнесті байыту өте маңызды. Бізде әлі де болса осы өкілдерге қажетті деңгейде жағдай жасалмай отыр. Ендігі депутаттар да осы істі арықарай жалғастырып, жақсы жетістіктерге жетуі керек» – деп қорытындылады баяндамасын.
Конференция делегаттары ендігі сайлауда жалынды, жігерлі жастарға көбірек сенім артып, жол ашу керектігін ескертіп, сонымен қатар көпті көрген, тәжірибесі мол, сабырлы да салиқалы саясатты ұстанатын ел ағаларының депутаттыққа ұсынылғанын жөн көретіндіктерін білдірді.

«Ақ жол» ҚДП ОҚОФ

qazaquni.kz, “Қазақ үні” газеті

23 ПІКІРЛЕР

  1. Мәжілістің сахнасын қыздырған үш партия осылай өздерінің депутат болған мүшелері, мәжілісте отырғанда қандай маңызды мәселені көтерді, қандай маңызды істің оң шешім табуына түрткі болды деген сауалдарға жауап берсе жақсы болар еді. Сонда халық кімге дауыс береміз деген сауалдың шешімін өздері – ақ табар еді.

  2. Жаңа 6-шы шақырылым депутаттары халқына адал қызмет ететін азаматтар болса екен деймін. Істейтін жұмыс көлемі өте үлкен. Ақ Жолдың атынан қатысатын үміткерлер халық сенімін ақтай алады деп сенемін

  3. 2012 жылда өткен сайлаумен салыстырсақ қазіргі уақытта Ақжол партиясының саяси деңгейі өскен сияқты, сондықтан биылғы сайлауда жақсы қорытынды көрсетеді деген ойдамын

  4. Кім жеңсе де, тек халық таңдаулы қалаулылары жеңеді. Үміткерлерге сәттілік тілеп қаламын.

  5. Өте жақсы бастама. Үлкеннен жастардың алары, жастардың үйренері көп.

  6. Ақыл жастан, асыл тастан демей ме атам қазақ. Жастарға орын беру керектігін атап өткендері дұрыс ақ болған. Жаңа құрам еліміздегі күрделі мәселелерді шешуде жаңа тың идеялар ұсынады деп күтемін.

  7. Былтыр мәжілісте қарауында болған көптеген заңдар қабылданды. Оның ішінде ақжолдықтардың да үлесінің бар екенін өз басым жақсы білемін.

  8. Депутаттыққа уақыт сынына төтеп бере алатын, білімі мен тәжірибесі жеткілікті, халық мойындаған, көпшіліктің ойында жүрген азаматтар сайланғаны жөн. Барлық үміткерлерге тілейтінім тек табыс. Ал депутаттық мандатқа адал және арлы азаматтарымыз қол жеткізсін!

  9. Сайлау додасы қызықты болады деп ойлаймын енді партиялар өздерінін үгіт-насихат бағдарламаларымен таныстырп өтсе жақсы болар еді.

  10. Шынменде Ақжол партиясынын үміткерлер тізімі әлі шықан жоқ болар әлі.

  11. Алдағы сайлау көптеген мәселелерді шешіп, саяси жүйе мен мемлекеттік биліктің тұрақтылығы нығайтады деген сенімдемін.

  12. Депутаттардың жаңа құрамы елбасы айқындаған реформаларды жүзеге асыруға аянбай еңбек етеді деген ойдамын.

  13. Жергілікті жерлердегі партиялардың өкілдері де сайлау науқанына қызу дайындалып жатқандай.

  14. Өздерін таныстырып, істерін көрсетсе екен әрбір партия. Сонда бізге шешім қабылдау оңай және нәтижесі оң болады деп санаймын

  15. Әрине жалынды жастар елдің болашағы. Жаңа ой, жаңа күш өз септігін әрқашан тигізеді.Сайлауда білікті және тәжірибелі, қойылған міндетті орындай алатын кандидаттар жеңіске жетсе екен

  16. Расымен де жастар мен агалар болып ат салыссак, онда ертенге деген сеним мол болпады

  17. Умиткерлер арасында жас саясаткерлердин бар болганы куантады

  18. Кобиси жас тажирибеси аз деп, коп нарсеге келгенде сеним билдирмейди, сол кате деп ойлаймын, жастарга да мумкиндик берген дурыс

  19. Ага буын жол корсетип, колдап отырса, кандай Жоспар болмасын, барлыгын жузеге асырамыз!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз