Астанада «көре алмаушылықтан» құрбысын өлтірген бойжеткен 16 жылға сотталды

0
133

Астанадағы ЕҰУ-де оқитын студент қызды өлтірген бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

ФОТО: HNONLINE.SK

Астанадағы қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық сотында судья Ерлан Қосмұратов 23 жастағы айыпталушы Баян Шалқарованы «Кісі өлтіру» және «Тонау» фактілері бойынша кінәлі деп тауып, алдағы 16 жылын жалпы режимдегі колонияда өтеу жазасын кесті.

Бұдан өзге ол 780 000 теңге көлемінде материалдық нұқсанды өтеуге міндеттелді.

Еске салсақ, 2015 жылдың 10 қазанында ЕҰУ студенті Ұлжан Рысқұлбекованың өлі денесі өзі тұратын үйдің подъезінен табылған болатын. Айыпты деп танылған құрбысы Шалқарова оған 27 жерінен пышақ сұғып, басын балғамен ұрып, кілемге орап, сыртқа шығарып тастаған.

Сонымен қатар ол құрбанының мүлкін тонап кеткен.

Тергеу барысында басты күдікті өз қылмысын мойындаған. Ол бұл әрекетке қызғаныштан барғанын алға тартқан. Құрбылар 2015 жылдың жазында танысып, Ұлжан Баянды өз пәтеріне кіргізген екен.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз