Бес қызметкерді басшының орынбасары «сатып жіберген»

1
127

Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында білім, жастар және тілдерді дамыту саласы тұтас бір басқармаға қарайтын еді. Күні кеше үш саланы біріктірген мекеме тарап, білім саласындағылар еншісін алып шықты.

Бөлек шыққаны сол, басқармадағы бес бірдей қызметкер қызметінен кетті деп хабарлайды Корреспондент басылымы.

Олар – басшының орынбасары Серік Әуесханов, бөлім басшысы Сүндет Санаев пен өзге де қызметкерлер – Әлима Бердімұратова, Ержан Жылкелдиев, Абибулла Қалымбет.

Ал бұл бес адамның кетуіне басқарма басшысының тағы бір орынбасарының тікелей қатысы бар деседі. Әріптестерін «сатып» жіберген шенеунік қалай жайбырақат жүр екен?

Болжам бойынша, мұндай жайттың боларын облыстың бас педагогы креслосында отырып, декреттік демалысқа шыққан Альбина Елшиева алдын ала болжағанға ұқсайды. Бейресми мәліметке сенсек, Альбина ханым қаңтардың басында жұмысқа шығуы тиіс болатын. Бірақ, демалыс мерзімін тағы создырып үлгеріпті.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз