Алматыда жол жүру билетінің құны 7 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

1
223

Алматыда жол жүру билетінің құны 7 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін, деді «Алматы көлік холдиингі» ЖШС басқармасының төрағасы Рифат Абдураманов. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Фото: 24.kz

«1 наурыздан бастап жеңілдікпен жол жүру билеттерімен бірге кез-келген азамат қолдана алатын кәдімгі жол жүру билеттері де қолданысқа енгізілетін болар. Ол да жеңілдік билеті секілді, бірыңғай көлік картасы негізінде жұмыс жасайды. Мүмкін оның құны бұрынғыға қарағанда сәл қымбаттау болатын шығар, 6000-7000 теңге аралығында», – деді Абдураманов сәрсенбіде «Время» басылымына берген сұхбатында.

Бұл ретте ол оқушыларға арналған жол жүру билетінің 1 мың теңге, зейнеткерлер үшін 2 мың теңге және студенттер үшін – 3 мың теңге тұратынын атап өтті.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз