Төлешовтің қызының туған күнінен эксклюзивті видео желіде пайда болды

1
151

Шымкентте құрықталған сыра дайындау зауыты қожайынының қызы туған күнін қалай тойлатқаны туралы эксклюзивті видео «Время» басылымының қолына түсті.

Видеода Тоқтар Төлешовтің кіші қызының туған күні «Властелин колец» голливудтық блокбастер желісімен өтіп жатқанын көруге болады. Туған күн иесі фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі – эльфтер ханшайымы Арвеннің кейпінде жүрсе, әкесі эльфтер патшасы – Эрлонд секілді киінген.

Туған күнге фильм кейіпкерлері секілді киінген қонақтар жиналған – эльфтер, хоббиттер, орктер, сиқыршылар, тіпті қара аруақтар – салт аттылар да болған. Түрлі безендірулермен өткен туған күнде «хобиттер ауылы», өзен, шайқас алаңдары да фильмге ұқсатылып қойылған.

Болжам бойынша, шақырылған басты әртістер қатарында ресейлік M-Band тобы бар.

«Время» басылымының рұқсатынсыз материалды көшіріп, пайлалануға болмайды.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз