бақылаушы мен жолаушы автобустың ішінде жаға жыртысты

1
129

Алматыда №56 автобустың заңсыз бақылаушысы мен жолаушы арасында жанжал туындады. «Оңай» картасымен болған мәселе салдарынан екеуі жаға жыртысқан деп хабарлайды NUR.KZ порталы Motor.kz-ке сілтеме жасап.

https://youtu.be/Vyuk0CgbDnA

Жанжал 26 қаңтар күні болды. Қоғамдық көлік адамдарға толы болғанына қарамастан, төбелес тура автобустың ішінде орын алған.

Видеода әйелдер жанжалдасқандарға араша түсуін сұрап жатқаны естіледі. Ер кісілердің бірі төбелесті тоқтатып, екеуіне автобустан шығуын талап етеді. Ашуға булыққан жігіттер аялдамада төбелесін жалғастырады. Заңсыз бақылаушы жолаушыны тепкіге алуға кіріскенде, өзге ер кісі тағы да оларға араша түседі.

Жолаушылар төбелеске не себеп болғанын түсінбей дал. Олардың бірі бар мәселе «Оңай» карточкасымен болған қиындықтардан туындады деген болжам жасауда.

Видеода әйел жолақысын екі рет төлеуге тырысқанымен, терминал оны қабылдамай жатқанын байқауға болады.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз