“Ақ жол” партиясы депутаттыққа үміткерлер қатарына танымал ақынды қосты

8
231

Бүгін «Ақжол» партиясының съезі өтіп, алдағы мәжіліс сайлауына ұсынылатын үміткерлердің тізімі бекітілді, – деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

“Ақ жол” партиясы депутаттыққа үміткерлер қатарына танымал ақынды қосты
Партия президимуы әзірлеп, съезд делегаттары мақұлдаған тізімге 35 үміткер кірді. Олардың ішінде бесінші шақырылымдағы vәжілісте «Ақжол» фракциясының құрамында болған барлық депутаттар бар.

Депутаттықтан үміткерлердің тізіміне сондай-ақ, ақын, партия төрағасының орынбасары, «Қазақ үні» газетінің президенті Қазыбек Иса да енген.

Дереккөз: Nur.kz

8 ПІКІРЛЕР

  1. Я, ол жерге Қазыбектей от ауызды, орақ тілді, мінезі бар адам бару керек. Болмаса, ана қара орыстарға сөз өткізу қиын.

  2. Міне тамаша, Осындай азаматтарды үкілеу керек. Қайдағы бір елді алдап байыған біреуледі жібермей.

  3. Бұл азаматтың ұлтжанды екендігіне шек келтірмеймін. Алайда Парламентке ақын жетпей тұр еді негізі?!

  4. Ол жерге заңнан хабары бар, саяси сауатты, білгір азамат керек, түк заңды білмей, аузымен орақ орғаннан еш пайда болмайды.

  5. Кім болмасын, халықтың қамын ойлайтын, ашық көзді азаматтар өтсін сайлауда. Сайлау әділ өтіп, депутаттардың жаңа құрамы белсенді түрде жұмысқа кіріседі деп сенемін

  6. Әр партиялар лайықты үміткерлерді өздерінін партия тізіміне қосып отыр халық жақсы бағалай білетініне сенім білдіремін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз