Ұлттық банк төрағасы валюта бағамына қатысты қауесетке сенбеуге шақырады

2
127

Доллар бағамы 520 теңгеге бір-ақ көтеріледі деген ватсап желісі арқылы тараған қауесет жалған. Қарапайым халық білгір-сымақтардың болжамдарына нанбауы тиіс деп хабарлайды Отырар арнасы.

Ұлттық банк төрағасы валюта бағамына қатысты қауесетке сенбеуге шақырады

Бүгін Шымкентке арнайы сапармен келіп, журналистермен кездесу өткізген ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деді.

Дегенмен, еліміздің бас қаржыгері әзірге АҚШ ақшасының бағамына қатысты нақты түйін жасай алмайтынын мойындады. Алайда, ол қазір мемлекеттегі барлық сату операцияларының ұлттық валютада жүргізілуіне күш салып жатқанын ашық мәлімдеді.

Күні кешеден бері электронды саудадағы тауар бағаларын доллармен емес, төл теңгемен көрсетуге міндеттелген ереже күшіне енді.

Одан бөлек банктердегі ұлттық валютамен салынған депозиттердің сыйақысы 14 пайызға ұлғайған. Данияр Ақышев мемлекет тарапынан тағы бірқатар тетіктердің алдағы уақытта қолға алынатынын мәлімдеді.

Дереккөз: Otyrar-tv.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. Теңге бағамы сіздер берген уәдемен емес, сол желсөздің ығымен кетіп бара жатпайма. Қалай сенбейміз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз