Депутаттықтан үміткер Қайрат Нұртас пен Головкин жақын күндері үгіт-насихатқа кірісті

39
376

Мәжілістен үміткер нұротандықтар тексеруден түгел өтті. Орталық сайлау комиссиясы Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура арқылы небары екі күннің ішінде 127 кандидат туралы жеке-жеке мәлімет жинап үлгерген. Сөйтіп, тізімді бекітіп берді. Сайлауалды науқанның егжей-тегжейін КТК арнасы баяндайды.

Депутаттықтан үміткер Қайрат Нұртас пен Головкин жақын күндері үгіт-насихатқа кірісті
Фото: Baistars.kz

Яғни, билік партиясының атынан өтініш берген танымал үміткерлер – боксшы Геннадий Головкин, әнші Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова да дауыс берушілермен кездесіп, үгіт-насихат жүргізуге дайындала беруіне болады. Сондай-ақ, бүгін «Ақ жол» париясы да Мәжіліс сайлауына қатысатын үміткерлердің тізімін жасап, Орталық сайлау комиссиясына тапсырды.

Мәжіліс сайлауына қатысатын партиялардың арасындағы үміткерлері ең көп «Нұр Отан» уақытты бос өткізбепті. Съезд күні-ақ кандидаттардың тізімін Орталық сайлау комиссиясына жіберген. Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура да жылдам екен. Небары екі күннің ішінде 127 үміткердің өмірбаяны мен табысын тексеріп шығып, бірде бір заңбұзушылық таппапты. Сондықтан бүгін орталық «Нұр Отан» төрағасының орынбасарын шақырып, кандидаттардың сайлауға қатысуына рұқсат беретін куәліктерді табыстады.

Енді «Нұр Отанның» үміткерлері 20-шы ақпанда басталатын үгіт-насихат жұмыстарына қамдана берсе болады. Бірақ, бұл билік партиясының 127 мүшесі түгел депутат болады деген сөз емес. Кімге Мәжілістен жайлы орын бұйыратыны 20-шы наурызда өтетін сайлаудан соң шешіледі. Ал Асқар Мырзахметов қоғамда қызу талқыланып жатқан партияның жұлдызды кандидаттарына жеке тоқталды.

«Егер де Қайрат Нұртас өзінің концерттік бағдарламасына сәйкес бағдарламалары болатын болса, оны өткізуге құқығы бар. Бірақ, концерттің бағдарламасында сайлауға байланысты, «Нұр Отанға» дауыс беруге шақыру тыйым салынған», – деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Үміткерлерінің тізімін бекіткен «Ақ жолдықтар» да мәжіліс мандатын алатындарына сенімді. Кәсіпкерлердің құқығын қорғаушы партия саяси додаға 35 кандидат қоспақ. Үміткерлердің қатарында өткен шақырылымның депутаттары – Меруерт Қазбекова, Алмас Тұртаев, Талғат Ерғалиев пен партияның төрағасы Азат Перуашевтің өзі бар.

«Біз нарықтық реформаларды жүргізіп, жеке меншік бизнесті қолдауымыз керек. Біздің үшінші бағатымыз – жемқорлыққа жол бермеу, жемқорлықты жою. Төртінші мәселе – демократиямызды дамыту», – деп бөлісті жоспарларымен бұған дейін де депутат болып үлгерген «Ақжол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.

Сондай-ақ «Ақ жолдықтар» тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен шенеуніктердің жұрт алдындағы жауапкершілігіне көңіл бөлмек.

Айта кету керек, бүгін «Ақ жол» да Орталық сайлау комиссиясына үміткерлердің тізімін тапсырды. Бұған дейін «Нұр Отаннан» өзге «Ауыл», «Коммунистер» партиясы да кандидаттарының аты-жөнін тексеруге жіберген еді. Енді ақпанның бесінде «Бірлік» партиясы съезд өткізбек.

Дереккөз: КТК арнасы

39 ПІКІРЛЕР

  1. Партиялардың сайлауалды бағдарламалары өте өзекті тақырыптарды қозғайды. Әртәс-депутаттар Парламентке өтсе адал қызмет етеді деп сенемін!

  2. Жұлдыздардың сайлауға қатысуын өз басым қолдаймын. Әлемдік тіжәрибеде кеңінен қолданады емес пе? Нұр Отан нағыз халықтың партиясы екенін дәлелдеуде. Спортшылар мен әртістір халықтың сүйіктілері ғой

  3. Айтқандарыңыз дұрыс. Бірақ, Гана өзі көтерілген, спорт туралы жақсы біледі. Ал, Қайрат пен Жанар бірдеме тындырады дегенге сенбеймін.

  4. Қазіргі елімізге төнген мәселелердің шешімін тауып, халықтың жағдайын көтеруге ат салысатын, ой өрісі кең, жас ақыл керек.

  5. Нур Отан партиясы жақсы дайындық көрсетіп жатыр, жоспарларыда, үгіт-насихаттары мықты екендігіне сенемін

  6. Мүмкін жақын күндері кірісетін шығар. Оларға 20-ақпанан бастап бір ай уақыт беріледі емес пе?

  7. Жастарға бұл үлкен мүмкіндік. Сондықтан да қайта біз нұротанға рахмет айтуымыз керек.

  8. Әрине, бұл оларға жаңа белес. Өздерін жаңа қырларынан көрсетсін, сәттілік!

  9. Әрине бәрі де сайлау қорытындысына байланысты, ереже, заң бар дегендей

  10. Жас үміткерлер өздеріне қойылып отырған талаптарыд толықтай орындайды деген ойдамын.

  11. Барлық мемлекеттің тарихында әнші спортшылар саясатқа араласу факторлары болған. Сондықтан олардың сайлауға қатысуы түк таң қаларлық жағдай деп ойламаймын. Үміткерлерге сәттілік!

  12. Депутаттар қарапайым халықтың сеніміне де ие болуы керек, бұл кісілер халыққа жақын, олар өздерін қалай көрсететіне көре жатармыз, оның үстіне әлімдік тәжірибеде ондай мысалдар жеткілікті.

  13. Ел мақтаған өнер адамдары енді ел үмітін ақтасын. Меніңше бұл да бір саясаттың ұшқыны. Жолдарың болсын Қайрат пен Гена!

  14. Қайрат шынымен депутат болса әншілігін қоятын шығар. Ал Головкин биылғы жекпежегін өткізіп, мәжіліске келсе құптаймын. Екеуі де елге адал азаматтар.

  15. Қайрат депутат болса мықты мәжілісмен болады. Оның бойында ұлтшылдық, талапшылдық пен намыс бар. Қазақтың қамын ойлайды.

  16. Екеуі де халықтың ұлдары. Мен қос қолымды көтеріп дауыс беремін. Ал Доғалованы жеп көремін. Бекер түсіп жатыр ол. Елге қандай еңбегі сіңді?

  17. Биылғы Парламент сайлауы тартысты, қызыққа толы болады. Әншілер мен спортшыларды халық қолдайды. Жарайсыңдар жігіттер мен қыздар!

  18. Дұрыс, осындай саясат арқылы біз өнер саласын дамытамыз. Енді осы үміткерлер ел үдесінен шықсын!

  19. Әртістер не тындырады дейсің,одан да сол сахнасында жүргендері дұрыс еды…

  20. Дәл осы әртістер мықты депутат болатын шығар қайдан білесіңдер?!

  21. Сонда сахнаға кім шығады?Саясаиқа кетсеңдер шығармашылықпен қашан айналысасыңдар?

  22. Мен қалайда жаным ашып отыр,әсіресе Гена Головкинге!Ендігі өмірі не болады саясатта?!

  23. Мен керісінші әртістер мен спортшыларды қолдаймын!Осылардан келешекке үміт бар!

  24. Неғып соншама таңқаласыңдар?Барлық мемлекетте бар ғой әнші спортшыларды заңға кіріуі!!!

  25. Нұр Отан дұрыс істеген,бұл адамдар халыққа жақындығын біліп шығарып отыр!

  26. Жақсы жағы да жаман жағы да бар!Жаман жағы өздері үшін!Жап жақсы боп қалған карьерасын қойып саясатқа кіріседі!

  27. Екі жігітіміз де лайықты деп ойлаймын!Өзім осы намысты ,әрі ер мінезді жігіттерге дауыс беремін!

  28. Нұрлан Өнербаев ағамыз депутат болып сахнаға шықпайтын болып кетті!Сонысы өкінішті болды!Қандай қоңыр дауысты керемет әнші болмаса!

  29. Мен екі қолыммен беремін дауысты!Өйткені өте лайықты деп ойлаймын!

  30. Мен өзім Генаға беремін дауысымды!Депутат болуға әбден лайықты!

  31. Партиялардың арасында ең дұрыс жұмыс жасап жатқаны Нұр Отан партиясы!Кандидаттарға сәттілік тілейміз!

  32. Сайлау додасына қатысу әрбір азамат құқылы, әнші болсын, спортшы болсын. Ең дегенде өзінің қатысумен сайлау барысына танымалдықты арттырып жатыр. Оларды шынымен депутат болары екідайлы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз