Серік Ахметовтің баспанасы өртеніп кетті

1
206

Қарағанды облысында Серік Ахметовтың баспанасы өртеніп, отбасы далада қаңғырып қалды. Барар жер басар тауы қалмаған экс-премьермен аттас тұрғын қорадағы малдың қасында күнелтуге мәжбүр. Бүкіл дүние мүлкі мен құжаттары отқа оранған отбасына биліктегілер де мардымды көмек көрсете алмаған. Суықтан қорадағы малдың жылуымен қорғанып отырған жанұя енді жомарт жандардың көмегіне зәру.

Серік Ахметов түн жарымда от тұтанғанда шырт ұйықыда жатқан үш баланы үйден алып шығуға ғана шамасы жетіпті. Өрт сөндірушілер жетекенше отқа тегіс оранған баспанадан түк қалмаған. Қақаған суықта жалаң аяқ жүріп табандарын да үсіткен. Қызыл жалынға оранған баспанаға қайта-қайта кіріп жүріп арқасын да оңдырмай күдіріп алыпты. Енді отағасының бала шағаны бауырына басып, қорадағы сиырлардың қасына жайғасудан өзге амалы жоқ.

Серік Ахметов, Ақжар аулының тұрғыны:

-Өзім осында қонып жүрмін, бала шаға арасында осында жанымда болады. Малдың жанында жылы ғой кішкене. Сосын осында қонып жүрміз. Басқа барар үй жоқ. Не істейсің енді тағдырдың жазуы осы. Маған үй емес. Кішкентай бір вагон болса да кішкене көмек болса.

Өрт үйдегі пештің тұсынан шыққан екен. Дүние-мүлік, киім-кешек пен құжаттырдың барлығы күлге айналған. Әйтеуір көрші-қолаңның бергенін жамылып жәутеңгеден бала-шаға қора мен көршілерді сағалап жүр.

Толқын Дүйсембаева, Ақжар аулының тұрғыны:

-Қыс ішінде мына үш баламен қиын боп тұр. Не сабаққа жібере алмаймыз. Жолдасым болса күйіп қалды. Балалардың барлығының аяқтары үсіп қалды. Біреуіміз қорада біреуіміміз біреудің үйінде бөлініп тұрып жатырмыз

Бұқар жырау ауданының басшылығы баспанадан айырылған отбасыға комиссия шешімімен 100 мың теңге көлемінде көмек көрсете аламыз дейді. Заңды көмек осы ғана. Сондықтан баспанасыз қалғандар қолы ашық елдің көмегіне үміт артып отыр.

http://alashainasy.kz/tuit/serk-ahmetovtn-baspanasyi-ortenp-kett-79761/

1 Пікір

  1. Адамның басы Алланың добы деген … Кеше ғана үкметті басқарып отырған адам, бүгін міне түрмеде отыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз