Қыздар, жігіт үшін күресіп, соңында тесік табақ құшақтап қалмаңдар!

1
314

Менде сіздерге өз оқиғамды жазғалы отырмын.Айтайын дегенім өткен өмірімнен кішкене үзінді. 18 жасымда бір жігітпен жүргенмін. Озімнен 3 жас үлкен болатын. Ол өте келбетті, сұңғақ бойлы, қара көзді, сондай әдемі жігіт еді. Жүргенде жақсы көретінін,үйленетінін айтып, екеуміз талай жоспар да құрдық.

Мен оған сенетінмін, бірақ босаға аттағанша арыма берік болуым керек деп, онымен жақындаспауға тырыстым. Ол маған өлердегісін айтып, қанша жалынса да, сүйісуден арыға барған емеспіз.

Жігітім қасымда болғанда өзімді сондай бақытты сезінетінмін. Бірақ артынша оның көшеде, кафеде қыздармен жүретінін еститінмін. Сосын озінен сұрасам мойындайды да, енді қайталамаймын деп құтылатын. Ғашық адам соқыр адам демекші кешіре беріппін.

Бір күні кешке телефон соқсам бір қыз алды. Кімсіз десем, қызымын, жүргенімізге 5 ай болды деді. Не күлерімді не жыларымды білмей үндемей тұрдым да калдым. Оны да артынша қарындасым ғой ойнаған деді. Содан бірнеше айдан кейін әлгі қыз қайта хабарласып әлі журіп жатқандығын айтты.Ол қызбен талай телефон арқылы ұрсысып, бір-бірімізді балағаттаған күндеріміз де болды. Қазір сол қызға алғысым шексіз. Себебі сол кезден бастап жігітіммен жүрмей қалғанмын. Өйткені қанша жақсы көрсем де оның өтірігінен тойып кеттім. Соңымнан қанша жүнірсе де қарамай, кешірмей қойдым.

Бес айдан кейін керемет бір жанмен таныстым. Ол нағыз жігіттің төресі. Көп ұзамай отбасын құрдық, қазір мың да бір шүкір, ұлымыз бар. Өте бақыттымын, отбасымды қалай сүйетінімді айтып жеткізе алмаймын.

Ал әлгі екеуі үйленгеннен кейін жарты жыл да болмай ажырасып кетіпті. Себебі: сол баягы кыздарга бару дейді. Қыздар, жігіт үшін күресіп соңында әлгі қыз сияқты тесік табақ құшақтап қалмаңдар!!!

Ажар, Алматы облысы

http://alashainasy.kz/otbasy/kyizdar-jgt-ushn-kuresp–sonyinda-tesk-tabak-kushaktap-kalmandar-79784/

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз