Қостанай облысының бұрынғы әкімі әйелінің құс фабрикасында нәпақа тауып жүр

1
168

Қостанай облысының бұрынғы әкімі Нұралы Сәдуақасов қызметінен кеткелі жұмыссыз жүргеніне жарты жылдан астам уақыт өтті. Бұрынғы әкім әйелінің құс фабрикасында ақша табуда деп жазады NUR.KZ порталы «Наш Костанайға» сілтеме жасап.

Қостанай облысының бұрынғы әкімі әйелінің құс фабрикасында нәпақа тауып жүр

2015 жылдың қыркүйегінде қоластындағылардың қылмыстық іске араласқаны анықталғаннан кейін жұмыстан шыққан Нұралы Сәдуақасов БАҚ-та көрінбей кетті.

Белгілі болғандай, экс-шенеунік «Жас Қанат» құс фабрикасын басқарып отырған өз жары Ирина Киселеваға көмектесіп жүр.

«Бүгінде еш жерде қызмет етпеймін. Жарымның өнеркәсібінде өндірісті жоғарылату бойынша консультациялық жұмыстар ғана істеп жүрмін. Қазірде уақытым жеткілікті, сол себепті құс фабрикасына көбірек барамын», – дейді Сәдуақасов.

Өңірдің бұрынғы басшысының айтуынша, оның консультант болып жүргеніне екі айдай болған.

«Бүгінде негізінен отбасыма көбірек уақыт бөлемін, жұмыс кезінде уақытым жетпей жүрген емімді жалғастырудамын. Экономика, мал шаруашылығы, агрономия бойынша кітаптарға қызығушылығым оянды. Болашаққа әзірге жоспарым жоқ, шетелге кетуді де ойлаған емеспін», – дейді ол.

Сәдуақасов жақын арада ауыл шаруашылығы мәселесіне көбірек ден қойғысы келетінін, сол үшін өзге де өнеркәсіптерге өндірісті көтеру бойынша консультациялар жүргізетінін алға тартты.

Еске салсақ, Нұралы Сәдуақасов Қостанай облысының әкімі қызметінен өткен жылдың қыркүйегінде кеткен. Оның орнын бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі 43 жастағы Архимед Мұхамбетов басты.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

  1. Бұл өмірде не нәрсенің бәрі болады. жанын аяған жаралы болады деген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз