Астанада 23 жастағы студент жоғалып кетті

1
389

 

Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров жоғалып кетті. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«3 ақпанда сағат 18.00-де үйден (Сарыарқа-Сейфуллин) сол жағалауға қарай шығып кетті. Сол күйі оралған жоқ. Телефоны өшірулі. Емтиханға да келмеді!!! Үстінде қоңыр-көк күртесі мен қоңыр қалпағы бар. Бойы шамамен 175-180 сантиметр. Салмағы 70-75 келі шамасында», – делінген хабарламада.

«Ерасыл – интерн-хирург. Ортасында сыйлы. Жауапты, тәрбиелі адам. Темекі шекпейді. Ешқандай діни ағымдарға қатысы жоқ. Ол қарапайым ғана жақсы адам. Табуға көмектесіңіздер!», – деді жоғалып кеткен студенттің досы.

Ерасылды көрген адам болса, мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 8(747) 024 81 29 – Әкесі, 8(707) 143 94 25 – Диас есімді досы.

 

 

Астана ІІД жас жігіттің туыстарының хабарласқанын растады. «Кешеден бері іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді ведомство өкілдері.
http://kaz.tengrinews.kz/events/astanada-23-jastagyi-student-jogalyip-kett-267836/

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз