Егіз мүгедектерді бағып отырған жалғыз басты ана халықтан көмек сұрайды 

1
337

Қызылордада егіз мүгедек қыз баланы бағып отырған жалғыз басты ана халықтан көмек сұрайды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қызылорда облысының тұрғыны Толқын Баймаханова жалғыз басты ана. 2012 жылы егіз қызды өмірге әкелген. Нәрестелер дүние есігін ашқан сәтте дәрігерлер балалардың денсаулығында кінәрат барын бірден байқап, ата-анаға ескерткен. Сәбилердің ауру болып туылғанын естіген әкелері сүйіп қосылған жарын да, егіздерге де қарайласпай, тастап кетіпті. Алайда, тағдырдың сынына сағы сынбаған ана сол уақыттан бері қос құлыншағын жалғыз өсіріп келеді.

«Бұрын мұғалім болып қызмет жасағам. Балалар науқас болып туылған соң қазір соларды қарап үйде отырмын. Жеке баспанамыз да жоқ, қала шетінде пәтер жалдап тұрамыз. Қыздарды емдету үшін 2013 жылы жергілікті банктерден 500 мың теңге несие алдым. Әлі, қайтармадым. Себебі, жұмыс жоқ, тек балалардың аз-маз жәрдемақысына күн көріп отырмыз», – дейді Толқын Баймаханова.

Егіздердің аты –Сезім және Бегім. 1,5 кг болып туылған Сезімнің туа бітті –гидроцефалия. Яғни, мидың ішінде судың мөлшерден тыс көп болуынан балақайдың көзі көрмейды, құлағы естімейді және өздігімен қозғала алмайды. Ал, Бегімнің туылғанынан жүрегінде 5 теңгенің көлемінде тесік бар және омыртқасы қисық біткен.

Сезімді емдетудің бір жолы Израильде қымбат ота жасату. Жалғыз басты ана шетел асып бала емдетпек түгіл, Алматы мен Астанадағы медициналық орталықтарға барып, тексеруден өтуге қаржы таппай қиналып отыр. Сондықтан да мейрімді жандардан қол ұшын беруді сұрайды.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз