«БІРЛІК» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮМІТКЕРЛЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

9
155

«Бірлік» партиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына 8 үміткер қосады. Бүгін партияның кезектен тыс екінші съезінде делегаттар 8 адамнан тұратын сайлау тізімін бекітті, – деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратасілтеме жасап.

Өз сөзінде «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали партияның 53 мың мүшесі Қазақстанды гүлденген, қуатты мемлекетке айналдыру ісіне жұмыла үлес қосуға мүдделі екендігін атап өтті.

Сонымен партияның сайлау тізіміне мынадай тұлғалар кіріп отыр:

1. Болат Байқадамов, «Бірлік» партиясы төрағасының орынбасары.

2. Мурат Қожамқұлов, «Бірлік» партиясының Ақмола облысы бойынша филиалының төрағасы.

3. Роза Қуанышбаева, ҚР Кәсіподақтары қауымдастығы мүлік және активтерді басқару басқармасының бастығы.

4. Төлеген Қуанышев, «Бірлік» партиясы төрағасының орынбасары.

5. Мұрат Раев, Қазақ Гуманитарлық-Заң университеті ректорының кеңесшісі.

6. Серік Сұлтанғали, «Бірлік» партиясының төрағасы.

7. Асқар Сыздықов, «Гранд -ДЮК Қазақстан» ЖШС басшысы.

8. Нұрлан Шаухаманов, Қызылорда облысы «Бейнеу Шымкент» газ құбыры ЖШС директоры.

Съез делегаттары кезектен тыс өткелі отырған ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына қатысу туралы қаулыны бекітіп, елімізді ең дамыған 30 елдің қатарына қосу жолында аянбай тер төгуге дайын екендіктерін жариялады.

Сонымен қатар Елбасының 5 институционалды реформасын бірауыздан қолдау туралы маңызды шешім қабылдады.

«Қамшы» сілтейді

9 ПІКІРЛЕР

  1. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарына сәттілік тілеймін. Халық өз таңдауын дұрыс жасайды деп ойлаймын.

  2. «Бірлік» партиясынан ұсынылып отырған үміткерлері лайықты екеніне халық баға береді, ұсынылатын іс-шараларымен үгіт-насихатарын көрейік.

  3. Тағы бір партия өз съездін өткізіп, сайлау алды үгіт насихаттарын жүргізіп бастаған екен. Жұмыстарына сәттілік тілеп қаламын!

  4. Мен сенімдімін осы партия үміткерлері басқада партия үміткерлерімен жақсы бәсекеге түсетініне.

  5. Үміткерлерінің саны аз болса да салмақтыларға ұқсайды. Қоғамда өзіндік орындары бар секілді, үміткерлерінің

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз