СТАМБУЛДА ТАҒЫ ДА ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ

1
109

Обновить изображение Стамбул қаласы Сұлтанбейли ауданында жарылыс болды. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды түркиялық БАҚ.

 

Жарылыс кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 15:30-де автобус аялдамасындағы қоқыс жәшігінде орын  алған. Полиция екі адамның жеңіл жарақаттанғанын хабарлады. Қазір уақиға орнында күштік құрылым жұмыс жүргізуде.

Haberturk басылымы жарылыс болған жерден бейнехабар таратты. Онда жарылыстан аздаған жерге зақым келген. Ал уақиғаның орны жабулы.

Еске сала кетейік, 12 қаңтар күні Стамбул орталығындағы Сұлтанахмет алаңында жарылыс болып, салдарынан 10 адам қаза тауып, 15-і жарақат алған болатын.

e-islam.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз