Қостанайлық бойжеткен нигериялыққа тұрмысқа шығып, Африкаға көшіп кетті

2
203

Дарья Икерт үш жыл бұрын Қазақстанның жайлы климатын ыстық Нигерияға ауыстырамын деп ойламаған болатын. Алайда африкалық сүйіктісін жолықтырғаннан кейін оның өмірі күрт өзгерген деп хабарлайды NUR.KZ порталы «Наш Костанайға» сілтеме жасап.

фото: top-news.kz

2013 жылы Даша құрбысының отбасымен бірге Түркияға демалуға кеткен. Аяқ-асты сапарға шыққан бойжеткен бұған дейін тек Украина мен Ресейде болып көрген екен.

Сапардан еліне қайтып оралуға екі күн қалғанда құрбысы Дашаға Түркияда қалып, аниматор болып жұмыс істеп көруді ұсынады.

«Өз үйімді тастап, бөтен елде жұмыс істеуге еш құлқым жоқ болатын. Алайда ол мені көндірді», – деп есіне алды Даша.

Жұмысты клубта қызмет ететін жергілікті аниматор Рокко ұсынған. Шағын клубта балалармен жұмыс жасайтын орыс тілді бойжеткендерді іздеп жүрген клуб иесі оларды жұмысқа алмас бұрын үйіне барып қайтуларына рұқсат береді.

«Қостанайға сапардан келгенімде қала маған қызықсыз болып көрінді. Жаңа дүниені көріп, білуге мүмкіндік күнде берілмейтінін ойлап, ақыры баруға бел будым», – дейді Даша.

Дарья жұмыс берушіге хабарласып, ұсынысын қабылдағанын, жақын арада Түркияға келетінін айтады. Алайда құрбысы онымен бірге бармайтын болғасын, өзге құрбысын ертіп барады.

«Анталия әуежайына жеттік. 3 сағат бойы трансферді күткенде, бізді алдап кетті деп әбден алаңдадық. Себебі, қалтамызда кереметтей қаражат болмаған. Алайда трансфер ақыры келіп, қонақүйге жеткізді. Бізді бірден шағын клубқа апарды. Ол жерде өзге аниматорлармен жиын болып жатты. Бастапқыда түрік тілінде сөйлеген клубтың шефі, кейін орысша сөйлегенде қуанып қалдық. Ол Әзірбайжаннан келген екен, бірден тіл табысып кеттік», – дейді Дарья.

Бастапқыда туристердің ерке балаларымен жұмыс істеу ауыр болып көрінгенімен, Даша тез үйреніп кетеді. Ал қасындағы құрбысы Қазақстанды сағынып, еліне қайтады.

Дарья көп ұзамай спорт аниматорлары қатарына кіріп, ересек туристермен жұмыс істей бастайды. Маусым өтіп, еліне оралуы тиіс болған бойжеткен Қостанайға келгенде Түркияны сағына бастайды.

Ол жұмыс барысында Роккомен жақындасып, оны ұнатып үлгереді.

Дашаға әу бастан көзі түскен Рокко оның жүрегін жаулауға тырысқан екен.

Бір ай елінде болған Даша ақыры шыдамай Ыстамбұлға билет алып, Роккоға қайтып барады. 

«Біз бірге көңілді күндер өткіздік, Константинопольда қыдырып, арамыз тіптен жақындай түсті», – дейді ол.

Көп ұзамай бұрынғы жұмыс беруші екеуін жаңа маусымға жұмысқа қайта шақырады.

«Түркиядағы екінші жыл мен үшін қызықтырақ болды. Өзімді еркін сезініп, сахнаны ұнаттым, түрлі шоу, мюзикл, комедияларға қатыстым. Әлемнің әр түкпірінен келген адамдармен таныстым. 21 жыл өмірімдегі соңғы екі жылым мен үшін ең жарқын болды», – дейді бойжеткен.

Бойжеткен жігітімен маусым аяқталғанда Ыстамбұлда бірге тұруға шешім қабылдайды. Бір жылдан кейін Рокко Дашаға ұсыныс жасап, бойжеткен оған тұрмысқа шығуға келіседі. Той оның туған жері Нигерияда өтеді деп шешіледі.

«Рокконың жақындары мені жақсы қарсы алды. Олардың дәстүрлері өте қызық. Мәселен, тойдың алдында қалыңдықты әбден тойдыру салты бар, себебі қалыңдық арық көрінсе, бұл жігітке сын екен. Мұсылмандар саны мұнда халықтың 50%-ын алады, христиандар – 40%, алайда дініне қарамастан, бәрі шошқа етінен бас тартқан, оны лас жануар деп санайды», – дейді бойжеткен.

Даша Нигерияда алған әсерлерімен бөлісті.

«Нигериялық аналар балалар арбасын пайдаланбайды, баласын арнайы матамен арқасына орап жүре береді. Ас мәзірлері де ерекше, көбісін татып көруге батылым жетпеді, олар hand food деп аталады. Бір ыдыста сорпа, екіншісінде қамырға ұқсас бірдеңе, оны үзіп, сорпаға малып, шайнамай жұта салу керек», – дейді Даша.

Дегенмен Рокко Дашаның тағамдарына үйреніп кеткен, оның әзірлеген борщын, бешбармағын, палауын қуана жейді.

Рокко тағамнан кейін, тәттілермен шай ішетін біздің дәстүрге қатты таңырқаған екен. Кей ырымдарға да таңданған. Мәселен, қара мысық жолды кескен сайын жолды теріс қарап өтуге тырысатын Даша оның көңілін көтерген.

Даша Африкада голландтықтармен қаны аралас ақ нәсілділер көп екенін айтады. Оларды африканер деп атайды екен.

«Ақ нәсілділердің дені ОАР мен Намибияда тұрады. Әртіс Шарлиз Терон, мысалға «Оскар» жүлдесін иеленген алғашқы Африка тұрғыны», – дейді бойжеткен.

Дарья Нигерияда ұзақ тұрғысы келмейтінін жасырмады.

«Бүгін біз күйеуімнің туыстарында тұрып жатырмыз. Маған бұл ел ұнайды, алайда өмір бойы мұнда тұрғым келмейді. Себебі, мұнда тым ыстық, әрі қымбатқа түседі. Жемқорлық жайлаған, өмір сүру деңгейі төмен ел», – дейді Даша.

Даша да, Рокко да өз үйін Түркия деп санап кеткен, алайда Еуропада тұрғанды армандайды екен.

«Ертең, бір айдан кейін немесе бір жылдан кейін қайда тұратынымды білмеймін. Бұл маған қатты ұнайды. Кейбірі өмірде тұрақтылық қажет десе де, маған бір орында болған қызықсыз. Теледидар алдында өзге өмір туралы аңсап отырғаннан, осылай қызықты өмір сүргенім артық» – дейді бойжеткен.

Дереккөз: Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. Фууу…….
    Негрмен турганына мактанып тургой мына Даша. Онын устине Нигерияда турады екен
    Сонда бул кызга киммен турса да барибир болып тур гой.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз