Назарбаев әншінің жаңылысқанын байқап, түзету жасады (видео)

10
183

Шымкентте Rixos Khadisha бес жұлдызды қонақүйінің ашылу салтанатында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сүйікті әнін орындаған әртістің мүлт кеткенін байқап қалды.

Дәстүрлі өнер өкілі, әнші Досхан Одаман президенттің алдында қазақтың атақты серісі Иманжүсіптің әнін орындаған болатын.

“Неше қатын тапса да балалары, бәрібір бола алмайды Иманжүсіп” деп келетін өлең шумағын дәстүрлі әнші елбасы орындаған нұсқамен айтты.

Әнді ұйып тыңдаған Назарбаев өнерпаз жігіттің мүлт кеткен жерін өзі түзеп, әннің түпнұсқасы “Бар қатыны Қыпшақтың ұл тапса да, бәрібір бола алмайды Иманжүсіп” деп айтылатынын ескертті.

Көпшіліктің ықыласына бөленген  осы әнге түсірілген бейнебаян жақында көрерменге жол тартты. Жаңа туындыда қазақтың кең даласы, сал-серілік өмір, Иманжүсіптің қилы тағдыры бейнеленіп, ұлттық өнердің айшықты көріністері әсем суреттелген.

qazaquni.kz

Дереккөз: Нұр.кз

10 ПІКІРЛЕР

  1. Тамаша түзету. Түзетілмесе, солай кете барар еді. Елбасы өзінің сол тарихи әндермен сусындап өскенін көрсетті.

  2. Қыпшақ деген сөзді өте дұрыс қолданған екен, бұл сөздің мағынасын ерекшелеп тұр.

  3. Керемет ән. Әсіресе Елбасының өзі айтатын версиясы қатты ұнаған. Иманжүсіптің барлық әндері керемет қой.

  4. Осындай қазақы әндерді жақсы көретін Елбасымыздан өнерге тән жанашырлықты байқаймын.

  5. Елбасы Иманжүсіптің бір әнін нақышына келтіре орындайтын видеосын көргенмін менде. Мықты айтқан.

  6. Сөзге байқау керек. Әннің де мақалдың да әр сөзін түснұсқадағыдай орындау керек.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз