ИШИМ басшысы еврей екендігі дәлелденді

1
160

Эдвард Сноуденнің дерек­көздері, «Халиф» деп аталып кеткен ИШИМ-нің басшысы Әбу Бәкір ал-Бағдадидің Моссадта арнайы даярлықтан өткен Эллиот Шимон есімді агент екендігін дәлелдеді.

Саймон Эллиот (Эллиот Шимон) – әке жағынан да, ана жағынан да еш күмән келтір­мейтін еврей отбасында туылған Моссадтың агенті.

Төменде халиф әл-Бағдадидің толыққанды Моссадтың агенті әрі таза еврей отбасынан шыққандығы жөніндегі дәлел­деме аудармалар келтірілген.

Аjyal.com радио дереккөзінде мынадай ақпарат таралды:
«Әбу Бәкір ал-Бағдадидің шын есімі – Саймон Эллиот. Ол израильдік барлау қызметінде даярланып, тыңшылыққа, сон­дай-ақ арабтық және ислам­дық бірлестікке қарсы психоло­гиялық соғыс қимыл­дарына үйре­тілген». Бұл ақпаратты газеттер мен веб-сайттар да жария­лады. Онда, «Ислам мем­ле­кетінің басшысы Әбу Бәкір ал-Бағдади, әлемнің барлық экстремист-лаңкестерін біріктіре алатындай ұйым құру мақ­сатымен британдық, израильдік және АҚШ-тың құпия қыз­мет­терімен одақтасқан» делінген.

Келесі дереккөз EGy-Press сайты да аталған ақпарды фото­құжаттардың негізінде растауда. Ирандық БАҚ-тар ирандық барлау қызметінің сионисттік білімге ие агент, «ИШИМ әмі­рі» – Әбу Бәкір ал-Бағдади атымен белгілі, шын есімі – Эллиот Шимонның шынайы бет-бейнесін анықтады» деп жазды. Ол сионистік тыңшылықтың маңызды да құпия тапсырмаларын орындаушы Моссадтың агенті болып табылады. Оның тағы бір жалған есімі – Ибраһим ибн Авад бин ИбраҺим Әл Бадри Әл Арадуи Хуссейн. Сон­дағы жоспар – «Израильге қауіпті» деп танылған елдердің әскери және азаматтық басшылығына ену арқылы оларды жойып, тұтас Таяу Шығыс аумағындағы елдердің сионистік мемлекеттерге сіңісуін жеңілдету. Мақсат – Ұлы Израиль елін қалыптастыру.

Аталған деректер, Израиль «Халиф Ролексті» сионистік білім арқылы көрші елдерде бейберекеттік жасауға бағыттағандығын растады. Бір­неше күн бұрын ИШИМ, ендігі кезекте «тағы еврейлермен» яғни Газа секторын айыптаушы сионистермен істі болатындығын жариялады.

Іс жүзінде, Израиль жеріне жасалатын шабуылдар, сионистік мемлекетті бұрынғысынан да қатты қорғаулары үшін, амери­ка­лықтар мен израильдіктерге қанды лаңкестерді саусақпен нұқып көрсетуге, тезірек әрі көбірек атқылауларына мүмкін­дік береді. Аталған схема бірнеше айлар бұрын іске қосылған болатын. Бұл жоба тіпті, «араб көктемі» кезінде Ирак, Судан, Тунис, Мысыр, Ливия, Сирия мен Мали елдерін құлдырату мен тұрақсыздандыруда қолда­нылуы да бек мүмкін.

«Президент және Халық» газеті

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз