ОҚО-ның ең қарт тұрғыны 110 жасқа толған туған күнін атап өтті (фото)

1
184

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Бейсембек Рсымбетов өзінің 110 жылдығын атап өтті. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев ең қарт тұрғын Бейсек Рсымбетовті 110 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Аудан басшысы қарияның үстіне шапан жауып, жайнамаз бен тұрмыстық техника сыйға тарту етті.

Әкімнің арнайы келіп құттықтағанына риза болған туған күн иесі: «Айналайын балам, ел өзің туралы жақсы пікір айтады. Көзім нашар көріп, құлағым ауырлағанымен, Тәуелсіз еліміздің өсіп өркендегінін, туған жерім Созақтың жақсы жаңалықтарын біліп отырамын. Сен қарияны сыйласаң, елің сені сыйласын. Өркенің өссін айналайын», – деп маңдайынан сүйді.

«Қариясы бардың қазынасы бар деген. Ұрпақтарыңыздың берексі болып, көз алдында аман есен жүре беріңіз. Елімізде өзіңіздей сүйегі асыл, қазыналы қарияларымыз көп болсан, жасыңызды ұрпақтарыңызға берсін», – деді аудан әкімі.

Қария ұзақ жасауының құпиясы қазақтың ұлттық сусыны қымыранның арқасында дейді. Ақсақал 84 жасына дейін аттан түспей, түйе баққан. Зейнет жасына шыққаннан бері бес уақыт намазын оқиды. Бір қызығы, қария бата берерде міндетті түрде ақ тілегіне «түйе» сөзін қосады. Туған күнімен құттықтап келген барша қонақтарды да батасыз шығарып салмады.

«80 түйең боталап, 8 түйең қомдансын. Дұшпандық қылған пенденің, Бүйірі шығып оңбасын», – деп батасын берді ғасырдан астам өмір сүрген қария.

Айта кетейік, 110 жасқа толған қария тоқалы Жақсықызбен бірге екі ұл, бес қыз тәрбиелеп өсірген. Бүгінде 32 немере мен 22 шөберенің қызығын көріп отыр. Бәйбішесі Талшын құрсақ көтере алмаған соң күйеуіне екінші әйелді өзі алып беріп, бір шаңырақта бірге тұрған.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз