Қазақстан үшін Түркияның маңызы зор – Назарбаев

38
273

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлымен кездесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі «Ақорданың» баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, соның ішінде саяси диалогты нығайту мен мәдени алмасу мәселелері, көлік, энергетика, туризм және инфрақұрылым қалыптастыру салаларындағы байланысты дамыту жайы талқыланды.

Мемлекет басшысы Ахмет Дәуітоғлының сапары біздің еліміздің сыртқы саясатында Түркияға қатысты бағыттың маңыздылығын айғақтайтынын айтты.

«Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Егемендігіміздің алғашқы күндерінен біз бауырлас халықтарымыздың жақындаса түсуіне бар күш-жігерімізді салып келеміз. Осы жылдарда Сіздің елдің басшылығымен тығыз жұмыс жүргізе отырып, біз бір кездерде ұзақ уақыт бойы үзіліп қалған Қазақстан мен Түркия арасындағы байланысты қайта қалпына келтірдік. Мен Түркі кеңесінің құрылуына бастамашы болдым. Бүгінде Астанада Халықаралық түркі академиясы жұмыс істейді, онда ғалымдар біздің елдерімізге ортақ мәдениет пен тарихты зерттеуде. Қазақстан үшін Түркияның маңызы өте зор, біз ынтымақтастық саясатынан ешқашан бас тартпаймыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Түркия төңірегіндегі шиеленіскен геосаяси жағдайдың біздің елге де әсерін тигізетінін атап өтті.

«Бүгінде қалыптасқан ахуалдан шығу жолдарын іздестіру қажет. Болып жатқан жайттардың көптеген себептері әлі де айқындалмай отыр. Сирия мен Ирактағы қақтығыстар мұсылмандар арасында бірліктің жоқ екенін көрсетті. Біз сунниттер мен шииттер арасында болуы мүмкін деп Батыс бұдан ілгеріректе болжаған  кезеңге таяп келдік. Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың күрделенуі де біз үшін үлкен проблемаға айналды. Екі ел де біздің маңызды одақтасымыз бен серіктесіміз болып саналады», – деді Мемлекет басшысы.

Ахмет Дәуітоғлы Қазақстанға сапарын әрдайым өз Отанына келгендей бағалайтынын айтты. Сондай-ақ Түркия премьер-министрі Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығының басталуымен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін  алғыс білдірді.

Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас барлық бағыт бойынша қарышты дамып келеді. Біз көлік, энергетика және өзге де салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Сауда байланыстары да нығаюда. Егер Түркия – Еуропаға ашылған «есік болса, Қазақстан – Түркия үшін Еуразия кеңістігіне апаратын жол», – деді Ахмет Дәуітоғлы.
moreInfo:http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstan-ushn-turkiyanyin-manyizyi-zor-nazarbaev-267859/
copyRules

38 ПІКІРЛЕР

  1. Қаза-түрік қатынастары әрдайым жақсы деңгейде болу керек. Президентіміздің көпвекторлы саясатының арқасында бүкіл елдермен тату өмір сүрудеміз, елімізге инвестициялар құюлуда.

  2. Қазақ-түрік қатынастары әрдайым жақсы деңгейде болу керек. Президентіміздің көпвекторлы саясатының арқасында бүкіл елдермен тату өмір сүрудеміз, елімізге инвестициялар құюлуда.

  3. Ия біз барлық мемлекеттермен достық қарым қатынасымызды ұлғайту керекпіз. Кикілжіннің ешкімге керегі жоқ. Сауда экономикалық, саяси тұрғыдан мықты серіктестер керек бізге

  4. Өте дұрыс. Туркиямен қатынасымыз нығайса, елімізге пайдасын әкемесе, зияны болмас.

  5. Түркия мемлекетімен қарым-қатынасымыз о баста дұрыс болған. Өйткені Тәуелсіздігімізді алғаш мойындаған да осы ел болатын. Болашақта дипломатиялық қатынасымыз одан да беки түседі деген сенімдемін.

  6. Біз бауырлас елміз, маған 70 миллиондай қазақтың сәлем айтқандығы қатты ұнап отыр))) Іргеміз суымасын.

  7. Тәуелсіздік алғанда ең бірінші болып қолдаған түрік бауырларымыз,түркі бауырластығымыз онынан болсын.

  8. Біз бірігіп қана шеше аламыз барлық әлемдегі болып жатқан жағдайға сол себептен бірлігіміз,ынтымақтастығымыз арта берсін.

  9. Түркия елі біз үшін еуропаға көпір болып келсе, қазақ елі түркия үшін еуразия елдеріне көпір боп келеді. Сол себепті Туркия елімен тығыз қарым-қатынастың маңызы зор.

  10. Қазақ-түрік қатынастарының маңызы зор, осындай экономикалық дағдарыста бір туған елдер бір біріне көмек қолын соза білу керек. Кез келген салада достығымыз кеңінен жайылсын.

  11. Түрік елімен қарым қатынасымыз тығыз, оған қуаныштымын, барлық елмен жақсы қарым қатынаста болу саясаты, менін көңілімнен шығады, ұтылмаймыз ештене, керісінше пайдасы келері анық

  12. Сонау тарихта біздің ата бабаларымыз бауырдай болып келген түрік халқымен, тарихымызды ұмытпаған жөн

  13. Хотелось бы чтобы наши друзья были дружны между собой, от этого нам не легче

  14. Түркия арасындағы қарым-қатынас дамып келетіні мені қуантады, Түркия тігін саласында керемет дамыған ел, олардың сол тәжірибесін біз міндетті түрде алуымыз қажет.

  15. Түркия біздің бауырлас еліміз. Олардың бауырлас лебізі ыстық біз үшін. Екі елдің ары қарай ынтымағы жараса беруі үшін жұмыс жасайық.

  16. Шынын айту керек Елбасы кездесу барысында біраз әңгіме айтты. Ресей мен Түркияның текетірісінің дұрыс еместігін, одан Қазақстанның да қиындық көретінін баса айтты.

  17. Түркия алып ел бізге қарағанда. Егер Еуропаға Түріктерге Еуропаға тауар тасымалдайтын есік ашылса, бізге де ол жол болар еджі

  18. Ахмет Дәуітоғлы біздің елді нағыз бауырлары ретінде қарайтынын, Түркияда 78 млн қазақ тұратынын мәлімдеді.

  19. Екі ел үшін де кешегі кездесу пайдалы болды. Біз Түркиямен барлық сала бойынша байланыстамыз.

  20. Түркия Республикасы Қазақ елінің алғашқы тәуелсіздік сәтінен бастап өзара байланыстың қалыптасуы мен дамуына өте ынталы екендігін білдірген мемлекеттердің бірі, сондықтан бұл ынтымастық бізге өте маңызды.

  21. Қазақстан үшін Түркияның маңызы өте зор, біз ынтымақтастық саясатынан ешқашан бас тартпаймыз

  22. Бұл екі елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастық біраздан бері дамып келеді. Және де ол өз жемісін беруде.

  23. Елдердің әріптестік қарым-қатынастары одан әрі жалғасып, Қазақстанның экономикалық дамуы қарыштап үлкен белеске ие боларына сенеміз.

  24. Бізді тоғыстыратыны түбіміздің бір екендігінде. Достығымыз, бауырмалдығымыз лайым, ұзақ жылдарға созылсын!

  25. Түркия мен Ресей мәселесі де бізді бей жай қалдырмай отыр ғой, қашанда тыныштықты қалаған елміз.

  26. Достықтық қарым-қатынас экономикалық дамуды дамыта түсері сөзсіз.

  27. Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар әрқашан татуластықта болды. Соңғы жылдары біз көптеген бірлескен кәсіпорын тұрғыздық, бізде көптеген бірлескен жоба бар. Сондықтан серіктестігіміз ары қарай дамуы үшін осындай кездесулерді жиі өткізу керек деп ойлаймын.

  28. Н.Назарабаев Түркия мен Ресей татулассын, бейбітшілікке келсін деп жүрген қайраткер екендігі ешкімге де дау тудырмайтыны анық.

  29. Ресей мен Түркия арасындағы араздықты шешудің бірден бір жолы ымыраға келу екендігін Елбасымыз үнемі айтып келеді. Бүгінде екі ел елбасымыздың сөзіне құлақ асып, президенттер мәселені бейбіт жолмен шешіп, қақтығыстарын қояды деген сенімдемін.

  30. Екі ел үшін де бұл ынтымақтастық оң әсерін беруде, осылай әрқашан жалғасады деп үміт артамыз

  31. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаш таныған ел – бауырлас Түркия екені көпшілікке белгілі. Сондықтан Түркия мемлекетінің Ресеймен татуласуына елбасымыз қолынан келгенше тырысып жатыр.

  32. Ресей мен Түркия мемлекетінің қарым-қатынастарынің бұзылуы бізге де әсер етпей қоймайды. Алдағы уақытта татуласып, кикілжіндерін шешсе, жақсы болатын еді.

  33. Қазақстан мен Түркия – сенімді стратегиялық әріптестер,алдағы уақытта да серіктестігіміз бен достығымыз нығая берсін дегім келеді.

  34. Біздің мемлекетіміз Елбасымыздың басшылығымен басқа елдермен әрқашанда достық қарым -қатынас орнатып, соны нығайтып келеді.Бұл саясатын әрқашан қолдаймын.

  35. Екі ел қарым -қатынасына ешқандай кедергі болтын мәселе жоқ деп санаймын. сондықтан да біз серіктестігімізді нығайта түсуіміз керек

  36. Расымен де қазір әлемде қиын жағдай қалыптасып отырған тұста, кейбір туындаған мәселелерді бірлесіп шеткен де дұрыс.

  37. Қазіргі қиын кезеңде едер арасындағы өзара байланыс пен әріптестік байланыстың жақсарғаны екі ел үшін маңызды. Түркия мен Серияның, Ресей мемлетекттерімен арадағы саяси жағдайлардың жақсарырына сеніммен қараймын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз