Н.Адамбаев өзінің кейіпкері Сәбинаға ұқсайтын қызды тапты

0
143

Танымал продюсер әрі актер Нұртас Адамбаев өзінің фильмдеріндегі бас кейіпкердің бірі Сабина келінге қатты ұқсайтын әйелді тапқанын жария етті.

ФОТО НҰРТАС АДАМБАЕВТЫҢ FACEBOOK ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІНДЕГІ ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

Актер бұл жаңалығымен өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті.

«Біз оны таптық! Бойжеткеннің аты Әсел. Сондай-ақ оның фамилиясы да Бодамбаева! Сәйкестік деген болады екен!», – деп жазды актер желідегі парақшасына.

Еске сала кетсек, күні кеше актер Нұртас Адамбаев өзінің қойылымдарының бас кейіпкері Сабина келінге қатты ұқсайтын әйелге іздеу салған. Әлеуметтік желілердегі парақшаларында әртіс өзінің кейіпкеріне ұқсайтын әйел туралы бір күннің ішінде 300-ге жуық хабарлама алғанын айтып, басында назар аудармағанын, бірақ енді мұны аяқсыз қалдыруға болмайтынын алға тартқан еді.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз