Астанада із-түссіз жоғалып кеткен 23 жастағы студент әлі табылмай жатыр

0
179

Астанада осыдан бес-алты күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен студент Ерасыл Әубәкіровті іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне студенттің досы Диас Жұмаділов айтты.

Оның айтуынша, жоғалған студент жайлы әзірге ешқандай хабар жоқ, алайда еріктілер іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

«Өкінішке қарай, еш жаңалық жоқ. Біз еріктілермен бүкіл қаланы аралап шықтық. Полиция да сырт қалмады. Тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарына иісшіл иттерді де тартқан. Біз қаланың түкпір-түкпірін қалдырмай аралап шықтық, дегенмен көзден таса жатқан жерлер бар шығар, сол себепті тағы бір рет қарап шығуды ұйғардық. Оның үстіне кей жерлерде хабарландыру жазылған қағаздарды біреулер әдейі жұлып тастағанын байқадық», – дейді Диас Жұмаділов.

Ерасылдың досы 100-ден аса еріктіден бөлек жергілікті тұрғындар да қолдарынан келгенше көмек көрсетіп жатқанын айтты.

«Медицина университетіне Ерасылды іздеуге 100-ден аса адам келді. Дәріс залы халыққа лық толды, отыратын орын қалмады. Біз жиналғандарды 10 адамнан топтарға бөлдік. Шамамен 10-12 топ жасақталды. Қазір бізге азаматтар жан-жақтан қоңырау шалып, көмектерін ұсынуда. Жақында Пригородный кентіне барғанымызда, бір әйелдің түн ортасында хабарландыруды жапсырып жатқанын көрдік », – дейді Диас.

«Ерасыл қақ-соқпен ісі жоқ, мінезі тамаша жігіт. Ешкіммен жаға жыртыспаған. Оны іздеуге жиналған халықтың көптігі осыған дәлел. Сабағын өте жақсы оқиды, болашағынан үміт күттірер интерн-хирург», – дейді студенттің досы.

Естеріңізге салып өтсек, 3 ақпан күні кешкі алтылар шамасында Астанадағы Медицина унверситетінің алтыншы курс студенті Ерасыл Әубәкіров із-түссіз жоғалып кетті. 23 жастағы жігіт бір кездері әйгілі «Х-Фактор» ТВ-шоуына да қатысқан. Жоғалған күні Ерасылдың үстінде қара көк күртке, басында қара құлақшын болған. Бойы – 175-180 км, салмағы – 70-75 келі.

Ерасыл Әубәкіровты көрген-білгендер болса, мына нөмірлер арқылы жақындарына хабарлауды сұраймыз:

+7 747 024 81 29 – Ерасыл Әубәкіровтің әкесі;

+7 707 143 94 25 – жоғалған жігіттің досы Диас Жұмаділов.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз