Қазақстанда 1 наурыздан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» жұмыс істейді

0
113

 

Қазақстанда 1 наурыздан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» жұмыс істейді, оған мемлекеттік төрт кәсіпорын біріктіріледі, – деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

ҚР Үкіметінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралықаулысы 2016 жылдың 1 наурызында күшіне енеді.

Мемлекеттік корпорацияға «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» кіреді.

«Корпорация біріктіріліп отырған кәсіпорындар қаражатынан қаржыландырылады. Республикалық бюджеттен қосымша қаражат алынбайды», – деді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті өкілдері.

Қазақстандықтар осылайша таңғы сағат 9.00-ден кешкі 20.000-ге дейін, үзіліссіз қызмет ала алады.
moreInfo:http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-1-nauryizdan-bastap-azamattarga-arnalgan-ukmet-267884/
copyRules

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз