Назарбаев пен Путин экономика мәселелерін талқылады

21
149

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин телефонмен экономикалық тақырыпта, оның ішінде отын-энергетика саласындағы жағдайды талқылады», — деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі. 

«Экономикалық тақырыпта, оның ішінде отын-энергетика саласындағы жағдай талқыланды. Өңірлік саясаттың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу болды» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, екіжақты байланыстар кестесі де қозғалды.

«Ұлт ақпарат»

21 ПІКІРЛЕР

  1. Осылайша екі елдін Президентінін телефон арқылы экономикалық тақырыпты, оның ішінде отын-энергетика саласындағы жағдай талқылап отырған өте орынды деп ойлаймын.

  2. Екі елдің қазіргі дағдарысқа тұспа-тұс келген жағдайлары ұқсас деп ойлаймын. Сондықтан бірлесіп талқылайтын мәселелер легі өте көп.

  3. Елбасымыз өзінің ақыл-кеңесін де беріп отырады көп жағдайда, білмейтін нәрселерін үйреніп те. Тәжірибе бөліскеннің өзі неге тұрады?!

  4. Еуразиялық одақ мәселесі болсын, сауданың даму бағыттары болсын, тақырып сан түрлі ғой. Сондықтан телефон да жақсы байланыс құралына айналып отырған заман қазір. Еліміз көрші елдердің де ахуалын біліп отырғаны өте дұрыс.

  5. Ресей мемлекетімен қарым-қатынасымыз Елбасының сарабдал саясатының арқасында дұрысталып келеді. Барлық жағынан байланысты орнату біздің елге тиімдірек.

  6. Көрші болған сон,және жақын серіктес болған сон бәрін бірігіп шешкен жөн болады.

  7. Энергетика мен отынсыз қазіргі өмірді елестету мүмкін емес. Сондықтан да бұл бағыттағы жұмыстардың оңтайлы болғаны жақсы. Ал елдер арасындағы өзара байланыс бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі атқарылуына септігін тигізері сөзсіз.

  8. Екі елдердің осы бағыттағы ұстанымдары бір болып жатудың өзін дұрыс деп түсінуіміз керек.

  9. Екі елдің де қарым қатынасы түзу!Әрдайым мәселелерді бірігіп шешкен жөн!

  10. Біз Ресейге тәуелдіміз!Оларда не болса бізге де сол келеді деген сөз!

  11. Қазақстан мен Ресей басшылығының бірқатар мәселелеріне бірдей көзқараста екенін атап өтудің маңызы зор,

  12. Елбасымыз саяси және тарихи көзқарастарға қарағанда көршілес елдермен жақсы қарым-қатынасты жоғары қоятыны өте дұрыс. Оның сарабдал саясатын халықаралық сахнада барлығы сыйлайды

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз