Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы: БАСТЫ ОРЫНДА – ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ИДЕОЛОГИЯ

19
386

 

Ак жол-11

 Қазақстан Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы наурыздың 20-сына белгіленген. Мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан Халқы ассамблеясы атынан сайланады. Партиялық тізім бойынша сайланатын Мәжіліс сайлауына кандидаттарды ұсыну 8-ақпанға дейін, ал партиялық тізімді тіркеу 19-ақпанға дейін созылады. Орталық сайлау комиссиясы бұған дейін «Нұр Отан» партиясы ұсынған 127 үміткерді тіркеген. Осыған орай, Астанада «Ақ жол» партиясының да XIII құрылтайы ұйымдастырылып, алдағы Мәжіліс сайлауына ұсынылатын үміткерлердің тізімі бекітілді.

Құрылтай жұмысына Қазақстанның барлық аймағынан делегаттар қатысты. 20-наурызға жоспарланған Парламент Мәжілісінің сайлауына партияның қатысуы туралы Төралқаның шешімін құрылтай бірауыздан қолдады. Партия жетекшісі Азат Перуашев: «Мемлекетті басқару, заң шығару жұмыстарына қатысу – кез келген саяси партияның басты міндеті, онсыз олар «мүдделер клубына» айналып кетеді. 2012 жылғы сайлаудан кейін партиядағы Парламенттік фракциясының барлық жұмысы өзінің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған болатын» деп атап көрсетті өз сөзінде.

Құрылтайда бұрынғы сайлауалды бағдарламасында көрсетілген барлық бағытталған істерді сақтауға және жалғастыруға шешім қабылданды. Сонымен қатар,  «Ақ жол – еңбектенер кез келді» атты жаңа бағдарламасының төрт басым бағыттары және оның саяси бағдарламасы аталып өтті. Олар: Тәуелсіздік және ұлттық мүдде; нарықтық реформа және жеке бизнесті қолдау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және Қазақстанның миллиардтаған қаражатын шетелдік банктерден қайтару; демократияны дамыту, шенеуніктердің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Сайлау алдындағы  «Ақ жол – еңбектенер кез келді» атты бағдарламаны құрылтай делегаттары қызу қолдап, бірауыздан қабылдады. Күн тәртібіндегі басты мәселе партиялық тізімді бекіту болды. «Ақ жол» партиясы 35 үміткердің тізімін бекітті. Олардың ішінде партия жетекшісі Азат Перуашев, ақын, партия төрағасының орынбасары, «Қазақ үні» газетінің президенті Қазыбек Иса, белгілі кәсіпкер, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Анарбек Орман, «Экибастузэлектросеть» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, партия төрағасының орынбасары Ерлан Барлыбаев,  «Фабрика ПОШ – Тараз» ЖШС директоры, «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Болат Момышев, белгілі саясаттанушы, Ұлттық зерттеулер институтының директоры Бөріхан Нұрмұхамедов, «Ақ жол» партиясының Орталық Кеңесінің хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов, «BI Group» холдингінің  жоба жетекшісі Серікбай Тәшенов, «Сұлтан» ЖШС Бас директоры,  Маңғыстау аймақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев және басқа да үміткерлер бар.

Ак жол-22

Құрылтай барысында партияның аймақтардағы филиалдардың төрағаларына, өңірлерде электоралды науқанды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты сенім білдірген адамдар мен бақылаушылардың тізімін жасауға, науқанның беделін нығайтуға байланысты нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, 2016 жылғы 5-ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркегені туралы хабарлады. 35 кандидаттың ішінде бес ұлттың өкілі бар. Олардың 17 пайызы – әйел адамдар. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының партиялық тізіміне енгізілген кандидаттардың орташа жасы –  қырық алты. Ең жас кандидат – отыз төртте.

Партия ұсынған сегіз кандидат бұрын Парламент Мәжілісінің депутаты болған. Сондай-ақ тізімде коммер­циялық құрылым­дардың, ғылым, мәдениет және білім беру қызметкерлері, партия аппаратының және ҮЕҰ-дың қызметкерлері ұсынылған.  Ортсайлауком хатшысы Бақыт Мелдешов «Ақ жол» партиясының кезектен тыс ХІІІ құрылтайы бекіткен партиялық тізімі туралы баяндама жасады.

Орталық сайлау комитетінің төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ҚР ОСК отырысына қатысқан «Ақ жол» ҚДП Төрағасы Азат Перуашевқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың куәлігін тапсырды, сондай-ақ «Ақ жол» партиясының атынан Мәжіліс депутаттығына партиялық тізімге енгізілген барлық кандидаттардың куәліктерін берді. Отырысқа «Ақ жол» ҚДП Төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, партияның Орталық Комитеті хатшылары Әбдіразақ Сұлтанов пен Айгүл Жұмабаева қатысты. Сонымен қатар «Ақ жол» ҚДП Төрағасы Азат Перуашев партияның Астанадағы Орталық кеңсесінде «Ақ жол» партиясының партиялық тізіміндегі Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға куәліктерін тапсырды.

«Біз – ұлттық мүдделерді ілгері жылжытатын және қорғайтын партиямыз!»

«Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің хатшысы Сәбит Байдалының партия құрылтайында сөйлеген сөзі:

Біздің стратегиялық мақсатымыз – тәуелсіз, гүлденіп, өсіп-өркендеген, демо­кра­тиялық жолды ұстанған, еркін, бәсекеге қабілетті Қазақстан және сонда тұратын әрбір азаматтың лайықты өмір сүруі. Бұл Партия Жарғысында да жазулы. Сондай-ақ, жаңа бағдарламаның жобасынан Тәуелсіздік, Демократия, Бостандық, Әділеттілік деп белгіленген біздің іргелі құндылықтарымыз өзінің лайықты орнын алуы керек. Ал осы құндылықтардан туындайтын қағидалы ұстанымдарымыз, негізінен, мыналар:

«Ақ жол» – отандық  бизнес мұраттарын қорғайды

Ак жол-3

Бірінші. Біз – өркениетті оппозициямыз. Өркениетті оппозицияны қалыптастыруға Қазақстан қоғамының саяси мәдениеті пісіп-жетілгенін іс-әрекеттерімен дәлелдеп отырған партиямыз. Алдағы уақытта да өркениетті жолмен өрге ұмтылатын, алды­мыз­ға биік мақсаттар қоятын партиямыз.

Екінші. Біз шағын және орта бизнес партиясымыз. Ең алдымен, қалыптасқан немесе қалыптасуы тиіс орта таптың, оның өзегі – отандық кәсіпкерлердің партиясымыз. Көпшілік жаңарған «Ақ жолды» негізінен отандық бизнестің мүддесін қорғайтын партия ретінде қабылдап та үлгерді. Енді біз бұдан танбауымыз керек.

Үшінші. Біз нақты істің пар­тиясымыз: ұлттық, өңірлік және жергілікті деңгейде бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың мүддесіне орай нақты іс-шаралар мен іс-әрекеттерді жүзеге асыратын партиямыз. Сайлауалды тұғырнамамыздағы алға қойған он міндеттің негізгі тезистері Бағдарламадан өз орнын алу керек.

Төртінші. Біз – ұлттық мүдделерді ілгері жылжытатын және қорғайтын партиямыз. Мұның мағынасы өте кең. Қазақстанның табиғи, экономикалық, әлеуметтік ресурстары, ең алдымен, ұлттық мүддеге қызмет етуге тиіс. Бұл кез келген одақта, ұйымдарда Қазақ­стан өнімінің және Қа­зақ­стан кәсіпорындарының басымдығы үшін күресуіміз керек. Қазақстандықтардың мүддесін ұлттық және халықаралық деңгейде қорғауымыз қажет. Ұлттық мәдени мұраны сақтау және дамыту, мемлекеттік тілдің мәртебесіне сәйкес оның рөлін көтеру, балалар мен жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеу, патриотизм рухында тәрбиелеу бағыттары қысқа да нұсқа тұжырымдалып берілуі керек деп санаймын.

«Ақ жол» – «Алаш» қозғалысы  ізбасарларының бірі»

Ак жол-44

Бесінші. «Ақ жол» – «Алаш» қозғалысы ізбасарларының бірі екендігі Партияның берік ұстанымы ретінде көрсетілуі тиіс. Мұны төрағамыз Азат Перуашев 2011 жылдың шілде айында Партиямыздың VІІІ құрылтайында жария еткен. Партия көшбасшысының сол кезде алғырлық пен зеректік танытқанына қазір куә болып отырмыз. Алаш тарихы – қазақ халқы тарихының мақтан етуге тұрарлық қасиетті бір бөлшегі. Ал Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан патшалық империяның тұсында ұлтымыздың жазба тарихын қалыптастыруға баса назар аударған жалғыз қазақ болған.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Абылай аңсаған азаттық» атты мақаласында «Мемлекет тарихын, даңқты бабалары жүріп өткен жолдың бұралаңы мен бұлтарысын, қилы кезеңдері мен тағдырлы шешімдерін, ақтаңдақ беттері мен дара тұлғаларының қайраткерлік өнегесін біліп өскен ұрпақ қана өзіне тиесілі замана жүгін діттеген межесіне абыроймен жеткізе алады» деп атап көрсетті. Біз тарихи зерттеу институттарының жұмысын атқара алмаймыз, әрине, дегенмен, ұлттық тарихымыздың қайта зерделенуіне – Алаш тарихына жаңаша көзқараспен заман ағымына, уақыт талабына сай іс-шаралар жасау арқылы үлесімізді қоса беруіміз керек. Бір топ сенаторлар жуырда 2016 жылды Әлихан Бөкейхан жылы, 2017 жылды Алашорда мемлекетінің жылы деп атау қажет деген депутаттық сауал жолдады. Сенаторлардың ұсыныстары тұтастай алғанда ақжолдықтардың Алаш бойынша Үкіметке жолдаған сауалдарымен үндесіп жатыр. Біз бұған қуанбасақ, ренжімейміз. Мемлекеттік деңгейде кешенді бағдарлама жасауды біз айтқанбыз, олар осы қос мерейтойды ЮНЕСКО аясында атап өту қажет депті. Халықаралық деңгейдегі қозғалыс пен Халықаралық деңгейдегі ұлы тұлғаны осылай ұлықтай алсақ, бұл біздің партияның да зор жетістігі және жеңісі болар еді. Тарихи жадыға адалдығымыз және ұрпақ сабақтастығына ниетіміз бағдарламадан тайға таңба басқандай көрінуі тиіс.
Бағдарламаның сыртқы саясатқа қатысты бөлігіне бір-екі позицияны қосу керек секілді.

Алаш идеяларының бірі – Қазақ елін Еуропа жолымен жаңғырту болған. Еуропалық Одақпен ынтымақтастық тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдық­тарының бірі. Елбасы бастамашылдығымен «Еуропаға жол» бағдарламасы (2009-2011 ж.ж.) ойдағыдай іске асты, Еуропаның жетекші елдерімен үнқатысудың жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Еуропа мемлекеттері, олардың жоғары деңгейдегі технологиялық дамуын ескерсек, Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруда біздің басты экономикалық серіктесіміз болып қала беретіні анық. Қытай мен Ресей секілді екі алып елдің ортасында отырған бізге Еуроодақпен сенімді серіктес болу өте маңызды. Сонымен қатар, тағы бір маңызды бағыт – Түркітілдес мемлекеттердің өзара ынтымақтастығынан, мәдени, рухани, саяси және экономикалық қарым-қатынасын нығайтудың қажеттілігінен туындайды. Тоныкөк, Күлтегіндерден бастап, кешегі Алаш қайраткерлері де тегі бір, тілі бір, тарихы ортақ түркі халықтарының тұтастығын аңсаған. Осы асыл арманды жүзеге асыру үшін түркі халықтарының атажұрты саналатын Қазақстан мемлекетінің басшысының жұмсап жатқан күш-жігерін «Ақ жол» партиясы қолдауы керек деп есептеймін.

Ерте ме, кеш пе елімізде Конституциялық реформа жасалады. Ол, меніңше, Қазақстанды Президенттік республикадан президенттік-парламенттік республикаға ісжүзіндегі түрлендіруімізге (трансформациялауға) тіреледі. Бұл бағытта айқын да анық көзқарас қажет.
Партияның жуырдағы және орташа мерзімдегі еңбасты құжаты – Партиямыздың осы Бағдарламасы. БұлбіздіңәрісаясиДоктринамыз, әріалдағысайлауда қабылдайтын тұғырнамамыздың негізі, әрі күнделікті басшылыққа алатын бағдаршамымыздың рөлін атқаратын әмбебап құжатымыз. Сондықтан, Партия активіне тағы да уақыт беріп, әлде де жобаны талқылап, нақты ұсыныстар алғанымыз жөн. Әлі де пысықтай түсетін, ойластыратын, ақылдасатын тұстар баршылық. Оны бүгінгі талқылау да көрсетіп отыр. Пікірталастарды арнайы айдар ашып, «Қазақ үні» басылымының беттерінде де өрістетсек, тіпті, дұрыс болар еді. Жұмысшы тобы түскен ұсыныстарды ескере отырып, жобаны жетілдіріп, тұжырымдап, Бағдарламаның соңғы нұсқасын Партияның Жаңа бағдарламасының Редакциялық комиссиясына тапсыруы керек. Оны тікелей Партия төрағасы басқаруы қажет. Редакциялық комиссия өз тарапынан ең соңғы өзгерістерін жасап, осы құжатты қабылдауға Құрылтай арнайы өкілеттілік берген партияның Орталық кеңесіне шығарғаны жөн.

Сейілбек АСАН

“Қазақ үні” газеті

19 ПІКІРЛЕР

  1. «Ақ жол»партиясы елімізде бірнеше жылдан бері танылып келеді. Сайлауда өз еңбектерін, идеялогоиясын насихаттай алады деп сенемін.

  2. Осы кезге дейін партия қалай жұмыс жасап келді, сол лайықты бағасын алатын кез жетті деп ойлаймын.

  3. «Ақ жол» отандық бизнесті қолдайды екен, сол бағытта қандай жұмыстар бұрын жүргізді екен, әлде жаңа бағдарламаға сай қимылдай бастай ма?

  4. Барлық партиялар өз сайлауалды бағдарламаларын жеткізіп отыр халыққа сол сөздеріне тұрса халық қолдайды деп ойлаймын.

  5. Халық партиянын қалай жұмыс істегеніне баға беретініне сенемін.

  6. Партияның басты ұстанымы жаман емес. Былайынша, өткен шықырылымда ақжолдықтар бірқатар көңілге қонымды мәслелердің қоғағанын жақсы білеміз.

  7. Жақсы мәселелерді көтерген екен. Жалпы партияның аяқ алысы маған ұнады.

  8. Бұл дода ерекше болайын деп тұр. Үміткер партиялар да көп, үміткерлер де мықты. Десек те халық өз таңдауын жасайды деп ойлаымн.

  9. Қателеспесем бұл партия кәсіпкерлердің мүдделерін жақсы қорғап жүр. Расымен кәсібін дөңгелетемін дегендерге мемлекетте жағдай жасалған деп айтуға негіз бар.

  10. Еліміздегі партиялардың бәрі ең алдымен ұлттық мүдде дегенге қосылады әрине, тек саясатқа деген көзқарастары әртүрлі, меніңше әртүрлә болғаны дұрыс, соның арқасында еліміздің дамуын өрбіту үшін сан алуан шешімдер қабылдауға болады

  11. Сайлауалды бағдарламасы жақсы құралған екен. Ұлттық құндылықтар еліміздің бірлігінің көрсінісі. Үміткерлер де лайықты азаматтар деп ойлаймын

  12. Бұл партия сайлауда өзін көрсете алады деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін де жаман нәтиже көрсеткен жоқ.

  13. Партиялар өз жұмыстарына белсенді түрде кірісті. Меніңше сайлау алдында осындай белсенділік керек.

  14. «Ақ жол» сайлауға дейін де өзінің аса белсенділігін, қоғамдағы өзіндік орны бар екенін дәлелдеп жүрген партиялардың бірі.

  15. Мен сенімдімім осы кандидаттарға олар өз үгіт-насихат жұмыстарың дұрыс жүргізіп отыр,сәттілік тілеймім.

  16. Сайлау додасы қызу талқылануда, ең бастысы қай партиядан болмасын, депутаттарымыз адал еңбек атқарып, елбасымыз жариялаған Ұлт жоспарын іске асырсын. Жаңа экономикалық шындықты бұл өте маңызды

  17. Сайлауға көптеген партиялар қатысатынын мәлімдеді. Бұл сайлау алды даярлық бағдарламалары болса керек. Халық барлық партиялармен танысып, содан соң ғана таңдау жасайды деп ойлаймын

  18. Кәсіпкерлікті қолдаған дұрыс әрине. Елімізде ол саланың өкілдеріне көптеген жәрдем көрсетіліп келді. Енді Акжол партиясының да көмегі тиетін болады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз