Мұның Астанада жоғалған студентке қатысы бар ма?

1
181

Астана қаласының тұрғыны Aibek Kabulcha өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасына былай деп жазады:

‪”#‎SOS‬ Сәйкестік пе ???
03-02-2016 күні сағат 18:00 шамасында Ерасыл Сарыарқа-Сейфуллина жақта із – түссіз жоғалып кетеді…
‪#‎ТураOсы‬ Сарыарқа-Сейфуллина жақта 04-02-2016 күні сағат 19:00 шамасында 10-шы емханадан шыққан досымның келіншегінің сөмкесіне ұры жармасады. Қарсыласқан келіншектің екі қолына әлде бір өткір затпен жарақат салған баукеспе сөмкені алып ізін суытады.
Бұл екі жайттың бір-бірімен байланысы барын білмедім. Бірақ екеуі де, бір маңда, бір уақыт шамасында орын алған. Демек сол жерлерде қарақшылар шоғыры қалыптасқан болуы керек. Мүмкін Ерасыл да, бәлкім кездейсоқ, әлде әдейі жасалынған қарақшылық әрекеттің құрбаны болған шығар деген ойда отырмын. Сіздер қалай ойлайсыздар ?! Сәйкестік пе ???”

Естеріңізде болса 3 ақпан күні Астана қаласындағы Медициналық университетінің 6-курс студенті Ерасыл Әубәкіров жоғалып кеткен болатын. Ол әлі де іздестіру үстінде, ешқандай сыбыс жоқ. Алладан аман болуын тілейміз!

qazaquni.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз