Хабарландыру: «Ата жұртын аңсаған Айбергенов» атты халықаралық ғылыми-конференция өтеді

1
171

ҚҰРМЕТТІ ЖАҚЫН ЖӘНЕ АЛЫС ШЕТЕЛДЕГІ АҒАЙЫНДАР!

АҚЫН ТӨЛЕГЕН АЙБЕРГЕНОВТІҢ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ- КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСАМЫН ДЕУШІЛЕР  ХАБАРЛАСЫҢЫЗДАР!

АСЫҒА КҮТЕМІЗ!

 АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

          Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстанның «Ақ жол»  Демократиялық Партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ Жол – Жастар» жастар қанаты мен Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп- лицей- интернаты мен  бірлесе Төлеген Айбергеновтің  шығармашылығын оқып үйрену  арқылы жастарды поэзияға баулу мақсатында  «Ата жұртын аңсаған Айбергенов» атты халықаралық ғылыми-конференция өткізеді.

 Өтетін уақыты: 2016 жыл,  22 ақпан, сағат: 15.00- де

Өтетін жері: Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп- лицей- интернаты акт залы

          Баяндама тақырыптары:

  1. Т.Айбергеновтың шығармаларының құндылығы;
  2. Т.Айбергеновтің шығармаларының зерттелуі;
  3. Т.Айбергеновтің шығармаларының тарихи өзектілігі;
  4. Т.Айбергеновтің Маңғыстауға іс сапары;

          Баяндама  (мақала) мәтіні мемлекеттік тілде қабылданады. Ұйымдастыру комитеті материалдарды конференциядан  бұрын ғылыми жинақ түрінде  тіркеу формасы (баспа  түріндегі мақаланың 1 данасы және  электронды түрде жіберулері қажет.

         Баяндама (мақала) материалдары баспадан шығу үшін келесі талаптар қатаң  сақталуы керек:

Баяндама (мақала) мәтіні 5-6 парақтан  аспауы қажет және тіркеу формасы MS Word 2003 – 2007 мәтіндік редакторы бойынша  жазылуы керек:

  1. Кестелердің,сызбалардың, суреттердің тақырыбы көрсетілуі керек.
  2. Парақтың параметрлері: жоғары – 2 см, төменгі – 2см,

сол жағы – 2 см,оң жағы – 2 см.

  1. Шрифт: Times New Roman, кегль – 12.
  2. Жол аралық: 1 интервал.
  3. Жаңа жол: 0,9 см.
  4. Бір жолдан кейін ортасынан баяндама (мақала) тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТПЕН) жазылады.
  5. Баяндаманың (мақала) тақырыбының төменгі жағына бір жолдан кейін парақ ортасына жай әріптермен (қою шрифтпен) автор(лар)-дың тегі, аты—жөні жазылады.
  6. Төменгі жағына жұмыс орындалған мекеменің толық аты (қою шрифтпен) жазылады.
  7. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан баяндама (мақала) материалдары жазылады.
  8. Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңына жазылу керек. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінінде квадрат [ ] жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сәйкес нөмірмен көрсетіледі. Дәйектеме (цитата) қолданған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның парағы көрсетілуі тиіс, мысалы: [1, 250-бет].

Тіркеу формасы

  1. Тегі, аты-жөні толығымен _________________________________
  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________
  3. Жұмыс жасайтын мекемесі _________________________________
  4. Баяндама тақырыбы _________________________________________

Баяндама (мақала) материалдары және 3х4 фото суреттерін  2016 жылдың 15 ақпанына дейін Ақтау қаласы, 29а- шағын ауданы “Нұрплаза” бизнес орталығы, 14- кабинетте қабылданады.

Байланыс телефоны : 33-73-55 тел: 8 775 4787229

е-mail: [email protected]
Жауапты: Исаева Алия Жангелдинқызы

Ескерту:

Үздік баяндамалар арнайы жинақ болып басылып шығады.

 Ұйымдастыру комитеті

«Ақ жол- жастар» жастар қанаты

Хабарландыру: «Ата жұртын аңсаған Айбергенов» атты халықаралық ғылыми-конференция өтеді

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз