Жарлық: әкімдер, министрлер мен ректорлар жыл сайын халықпен кездесіп тұруға тиіс

1
117

«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізіп отыру туралы қаулы етті», — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Жарыққа сәйкес, орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігін қоспағанда) басшылары жыл сайын, екінші тоқсан ішінде өңірлермен бейнеконференцбайланысын ұйымдастыра отырып, жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізіп отыруға тиіс.

Барлық деңгейдегі әкімдер  жыл  сайын,  бірінші тоқсан ішінде халыққа есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақтарды дамыту бағдарламаларының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу, оны әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы хабардар етсін.

Ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары жыл сайын, үшінші тоқсан ішінде халықпен, оның ішінде ата-аналармен, білім алушылармен, жұмыс берушілермен, ғылыми-педагог жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен білім беру, ғылыми-зерттеу және тәрбие қызметінің мәселелері бойынша есеп беру кездесулерін өткізсін.

«Ұлт ақпарат»

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз