Атыраулық азаматтың қолында Құран жолдары пайда болды (фото)

1
292

Атырауда денесінде «Алла» деген жазуы бар адам тұрады, деп хабарлайды «Хабар» арнасы.

Атырау қаласында денесіне Алланың аты жазылған ерекше адам тұрады. 40 жастағы Арман Құспанәлиев қаңтардың 25-інен 26-на қараған түні қызуы қатты көтеріліп ауырады. «Ол мұсылманша Мәуліт айының аяқталған сәті», – дейді білетіндер.

Кейін басын көтерген соң денесінен арабша жазу таңбаларын байқаған. Атап айтқанда, тілінде және жүрек тұсында «АЛЛА» деген жазу анық көрініп тұр.

«Мұндай жазу менің денемде 2012 жылы Ораза айында да пайда болған. Бірақ ол көмескі көрініп тұрғасын жария етуге жүрексіндім. Енді осы жолы 3 жерден анық көрініп тұр. Бұл да болса, Алланың маған деген ықыласы болар деп ойлаймын. Басқадай ерекше қасиетім жоқ. Қарапайым адаммын», – дейді Атырау қаласының тұрғыны Арман Құспанәлиев.

Дереккөз: Хабар

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз