Синоптиктер Алматыға көктемнің қашан келетінін айтты

1
192

Алдағы күндері Алматының ауа райы құбылмалы болмақ. 9 ақпаннан бастап қар аралас жаңбыр жауып, ауа райы күрт суытады.

«10 ақпанда Алматы мен Алматы облысы аймағында қар жауады деп күтілуде. Түнде сынап бағанасы -2,-4, ал күндіз 0-2 градус аязды көрсетуде»,- деді «Қазгидромет» РМК Алматы қ. бойынша ауа райын болжау бөлімінің жетекшісі Светлана Аманқұлова.

11 ақпаннан бастап еліміздің басым бөлігінде түнде ауа температурасы -5-10 градусты құрамақ. Кей аймақтарда тіптен 13 градусқа дейін суытады. Күндізгі температура -5 градустан аспайды.

Мамандардың айтуынша, көктем Алматыға наурыз айының орта шенінде кірмек.

Дереккөз: Алматы ТВ

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз