Полицейлер шымкенттік келіншектің қалтасынан героин тауып алды

1
132

Шымкенттің 30 жастағы тұрғыны есірткі затын сатпақ болды деген күдікпен ұсталды. Азаматшадан героин тәркіленген деп хабарлайды Отырар арнасы.

Облыстық ішкі істер департаментінің естірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдікті әйелді Шымкенттегі Ворошилов елдімекенінде қолға түсірген. Келіншектің жеке басын тінту кезінде қағазға оралған ұнтақ табылып, тәркіленді.

Сот-криминалистикалық сараптамасы нәтижесінде тәркіленген заттың салмағы 1 грамға жуық героин екені анықталып отыр. Қазір осы факті бойынша қылмысты кодекстің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) іс қозғалды.

Күдікті қамауға алынды. Еңбекші полиция бөлімінің тергеушілері қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстарын атқаруда.

Дереккөз: Otyrar-tv.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз