А.Перуашев: «Ақ жол» партиясы СБРҚК-мен өзара ынтымақтастыққа дайын

13
349

Бүгін Қазақстан Республикасында сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссияның (СБРҚК) мүшелері «Ақ жол» партиясының сайлауалды штабына келді.

Азат-Перуашев - копия

Кездесуге СБРҚК төрағасы Нұрлан Ерімбетов пен комиссияның мүшесі Аманқұл Серікбаев, «Ақ жол» Қазақстандық демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, партияның сайлауалды штабының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында электоралдық науқан барысын, СБРҚК байқаушылары мен «Ақ жол» партиясы сайлауалды штабының сайлау процесінің барлық кезеңдерінде ашықтық, айқындық және әділеттілікті қамтамасыз ету бойынша өзара ықпалдастық мәселелері, сайлаушылар мен үміткерлердің сайлауда конституциялық құқықтарының сақталуы талқыланды.

СБРҚК төрағасы Нұрлан Ерімбетов комиссияның 2005 жылдан бері жұмыстың мол тәжірибесіне ие екенін атап өтті:

-Қазақстанда әрбір электоралдық циклмен бірге, жиналған тәжірибе мен халықаралық стандарттарды есепке алғанда, қоғамдық бақылау жүйесі жетілдіріліп келеді. Біз кандидаттардың құқығының бұзылмауын және республиканың барлық аймақтарында Парламент пен мәслихатқа барлық кандидаттардың тең жағдайға ие болғанын бақылаймыз.

Бұл ретте Нұрлан Ерімбетов моральдық-этикалық принциптерге сүйене отыра әділ күрес жүргізуге,  «қара пиарды» қолданудан аулақ болуға шақырды.

СБРҚК төрағасының айтуынша, сайлауалды процестің аталған кезеңінде комиссия мүшелері сайлау процесінің басты аспектілерінің кешенді мониторингін өткізіп, аймақтарда байқаушылар пулын құрып, байқаушыларды оқыту жүйесін іске қосып отыр. Комиссия өз байқаушыларымен елдің барлық сайлау учаскелерін қамтуға ниетті.

Өз кезегінде партияның төрағасы, «Ақ жол» сайлауалды штабының басшысы А.Перуашев партияның СБРҚК-мен үнемі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

qazaquni.kz

Дерек көзі: ҚазАқпарат

13 ПІКІРЛЕР

  1. Кандидаттары еңбекқор, адал адам екендерін халыққа жеткізе алса жақсы болады. Өткен кезеңдерде де елеулі жұмыс атқарды

  2. Жалпы ақжолдықтардың сайлауға деген дайындығы жаман емес секілді. Бастысы да госы ғой. Ал таңсдауды халық өздері жасай жатар.

  3. Ақжолдықтар өздерінің белсенділігін жылдан жылға арттырып келеді. Бұл да ел арасында жасалып жақтан жұмыстарының нәтижесі болса керек.

  4. Ақжолдықтарға ақжол тілеймін. Партияның қвдам алсы жақсарып келеді.

  5. Барлық партиялар сайлауалды жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Бақылай комиссиясы дұрыс айтады, мұндай додада қара пиардан, жасырын қадамдардан аулақ болу керек.

  6. Ақ жол партиясы дайындығын жақсы көрсетіп жатыр, сайлауда оладың белсенділігін де көре жатармыз.

  7. Кандидаттардың құқығының бұзылмауын бақылауға алғандары жақсы болған екен. Лайықты жандардың бәріне жаңа жол ашылады деп сенемін.

  8. Депутаттыққа үміткерлерге сәттілік тілеймін. Сайлаудан кейін жаңа бағыттар бойынша, жаңаша жоспарларға негізделген істер атқарылады деп күтудеміз. Қалай болғанда да біршама жақсы өзгерістер болатыны сөзсіз.

  9. Осы уақытқа дейін партиялардың қаншама игі істерін көріп келдім. Түрлі әлеуметтік, саяси, басқа да мәселелердің шешімін тауып келеді. Сол партияларға өз еңбектерін еселей көрсететін имүмкіндік туып отыр.

  10. Ия, сөзіңізбен толықтай келісемін, Акерке. Лайықтыларға сәттілік тілеймін!

  11. Сайлаудың болатындығына өз басым ризамын. Жаңа құрамның жұмысы бәрібір де үлкен құлшыныспен басталады. Ондайдан шығатын нәтиже де оңтайлы болады ғой кейін

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз