Ер кісі әйелімен жанжалдасқаннан кейін өзін пышақтап тастады

0
166

Өскеменде 7 ақпан күні қайғылы жағдай орын алды. Тұрғындардың бірі әйелімен жанжалдасқаннан кейін өзін пышақтап тастады деп хабарлайдыNUR.KZ порталы YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Келіншегімен сөзге келіскенді көтере алмаған азамат моншада өзіне қол салған. ШҚО Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыстық орталықтың 28 жастағы тұрғыны әйелімен тіл табыса алмай, үйінен кетіп қалған.

«Сол кеште ер азаматтың жақындары оны қансырап жатқан жерінен үйінің моншасынан табады. Зардап шеккен азамат ауруханада көз жұмды. Тергеу барысында ер кісі өзіне қол жұмсамақ болып, пышақ жарақаттарын салғаны белгілі болды», – дейді полицейлер.

Тұрғынның артында әйелі мен кішкентай баласы қалды.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз